astana-view

22 наурыздан бастап азық-түлік тауарларын экспорттауға шектеу енгізілді

2020 жылғы 24 Наурыз
6993 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салу туралы» 2020 жылғы 22 наурыздағы №103 бұйрығының қабылдауына байланысты экспорттаушыларға негізгі азық-түлік өнімдеріне тауардың шығу түбі туралы сертификатты беруді тоқтатады

Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде негізгі азық-түлік өнмідері экспортына тыйым салынған. Тыйым салынған өнімдер қатарында: қарақұмық, бидай немесе бидай-қарабидай ұны, қырыққабат, сәбіз, шалқан, қызылша, пияз, қант, күнбағыс дәні және күнбағыс майы бар.

 Аталған шара төтенше жағдай режимінде ішкі нарықта азық-түлік тауарлардың күрт тапшылығын болдыртпау мақсатында тарифтік емес реттеу шарасы болып саналады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП туардың шығу түбі туралы сертификатты беретін өкілетті ұйым ретінде бизнеске жоғарыда аталған өнімдерге тыйым салу мерзімі ішінде тауардың шығу түбі туралы экспорттық сертификаттарын беруді тоқтата тұруға мәжбүр екені туралы хабарлайды.

 Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік өнімдері экспортына тыйымды алып тастаған соң, Палата сертификаттарды шектеусіз, қалыпты режимде беруді бастайтынын хабарлайды.

 Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №103 бұйрығының толық мәтінімен мына сілтемеден:  "О Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салу туралы» танысуға болады.

 «Атамекен» төтенше жағдай және карантин кезінде бизнес тап болып жатқан мәселелер тізбесін жинақтап, бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер