astana-view

«AITAS KZ» АҚ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮШІН 200 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛЕДІ

2020 жылғы 23 Наурыз
4081 просмотров

«Aitas KZ» АҚ Бас директоры әрі иесі Серік Толықпаевтың шешімі бойынша компания дағдарыс уақытында бірқатар шара қабылдайды:

  1. COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес үшін 200 млн теңге бөледі;
  2. «Кус&Вкус» бренді өнімдерінің бағасын өсірмейді;
  1. Төтенше жағдай уақытында өндірістік холдингті басқаруды ұйымдастыру бойынша компанияның құжаттарын ашық көзге - https://aitas.kz сайтына орналастырады;
  2. Халыққа үздіксіз жеткізіп тұру үшін еттің 1000 тонналық қалдық мөлшерін қамтамасыз етеді;
  3. Карантин аумақтарында және бизнес жоқ аумақтарда волонтерлік штабтарды құрады.

«Aitas KZ» АҚ компаниясы өз жұмысының негізі ретінде бизнестің әлеуметтік бағытын айқындап алған. Тұтынушылардың, қызметкерлердің, серіктестердің мүддесі – міне, компанияның күн сайынғы жұмысының бағыт-бағдары осы.

COVID-19 коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин уақытында «Aitas KZ» АҚ денсаулық сақтау, тұтынушылар мен бизнес жүйесін қолдаудың бірқатар шарасын қабылдады.

Қазақстан Республикасының коронавирус инфекциясына қарсы күресі жолында компания медициналық құрылғылар мен препараттар үшін денсаулық сақтау органдарына көмек ретінде 200 млн теңге бөледі.

Сонымен қатар Аумақтарды дамытудың тұрақты даму базасында «Аitas KZ» АҚ компаниясының кәсіпорындары орналасқан ашық аймақта, сондай-ақ каарнтин аумақтарында халыққа көмек көрсету үшін волонтерлік штабтар құрылады.

«Біз өзімізге халықты 1 мың тонналық құс етінен кем түспейтін көлемде қамтамасыз ету міндеттемесін алып отырмыз. Бұл шаралар халықты үздіксіз құс етімен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ТЖ режімі уақытында «Кус&Вкус» брендінің өнімдерінің бағасы өспейтініне кепілдік береміз», - деді «Аitas KZ» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

«Бүгінгі күні бүкіл әлем күрделі жағдайда. «Aitas KZ» АҚ ауыл шаруашылығы саласындағы ірі өндірістік компаниялардың бірі бола отырып, жұмыстың жаңа шарттарына қарай бейімделеді», - дейді Толықпаев мырза. «Біз дағдарысқа қарсы іс-шаралардың бірқатарын енгіздік. Енді осы дағдымызды бизнеспен бөлісуге дайынбыз».

Кәсіпкерлерге көмек болар деген ниетпен бизнесмендер пандемия және мұнай өнімдерінің бағасының құлдырауы секілді тегеуріндерге жүйелі түрде жауап беруге көмектесетін материалдарды компания https://aitas.kz сайтына рналастырды.

«Бүгінгі қалыптасқан жағдайда қазақстандықтар ең алдымен сабыр сақтап, коронавирус инфекциясына қарсы күресте төзім танытқаны (COVID-19) дұрыс. Бизнес өкілдері де әлеуметтік жауапкершілікті танытып, өз мүмкіндігіне қарай мемлекетке көмектесуі керек. Біз бірге кез келген қиындықты еңсере аламыз», - деді «Аitas KZ» АҚ басшысы Серік Толықпаев.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7 702 293 39 63, e-mail: media@askredpoint.com

Анықтама үшін:

«Аitas KZ» АҚ (https://aitas.kz) – құрамына өсімдік шаруашылығы, құс етінің өндірісі мен өңделуі, дистрибуциясы саласындағы 11 кәсіпорын кіретін «Aitas» Холдингінің басқарушы компаниясы. Оның құрамында «Кус&Вкус» бренді бар Макинск және Өскемен қаласындағы Құс фабрикасы бар. «Aitas» Холдингінің іргесі 1996 жылы Өскемен қаласында қаланған. 23 жылдың ішінде компания құс етінің өндірісі мен өңделуі, дистрибуциясы саласындағы вертикальды-интеграцияланған көшбасшы холдингке, Қазақстанның аграрлық саласындағы көшбасшылардың біріне айналды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер