astana-view

Алматы және Нұр-Сұлтанның жұмыс берушілері қызметкерлерді жұмыстан босатуға мәжбүр

2020 жылғы 24 Наурыз
19786 просмотров

«Атамекен» төтенше жағдай кезінде бизнес өкілдері арасында олар қанша қызметкерді жұмыстан босату және қысқартуды жоспарлап жатқанына қатысты сауалнама жүргізді. Сауалнама 23 наурызда іске қосылды, бір тәулік ішінде сауалнаманы 814 кәсіпкер толтырған. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі карантинге жабылған Нұр-Сұлтан (22%) және Алматы (21%) қалаларынан

 Сауалнамаға қатысқандардың 23%-ы – туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер. Басқа да жеке қызмет көрсету 18%, білім беру – 13%, орналастыру және тамақтандыру бойынша қызмет көрсету – 98 кәсіпорын немесе 12%.

 Барлығы 814 кәсіпорынға 14,2 мың қызметкер келеді. Сауалнама нәтижесі бойынша қызметкерлердің 40%-ы карантин кезеңіде еңбекақыны сақтамай мерзімсіз демалысқа кетеді. Тағы қызметкерлердің 14% жұмыстан босатылады. Жұмыстан босату көрсеткіші Алматыда жоғары (562 адам немесе елдегі босатылғандардың 33%-ы).  Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 300 адам, үшінші – Қарағанды 147 адам. Сондай-ақ кәсіпорындар еңбекақыны сақтамай қызметкерлерді демалысқа жіберді немесе жіберуді жоспарлап отыр. Осы бағытта Алматы (31%), Нұр-Сұлтан (21%), Алматы облысы (9%) алғашқы қатарда.

Туризм саласында жұмыстан босату көрсеткіші жоғары 21% (356 адам), кейін орналастыру және тамақтандыру қызметі 19% (320 адам). Үштікті білім беру саласы аяқтап тұр – сауалнамаға қатысқандардың 12%-ы (199 адам).

Ұлттық палата сарапшылардың пікірінше, жұмыстан босаған қызметкерлер саны өсе береді. «Атамекен» ҰКП-ның жұмыс орындарын сақтау бойынша ұсыныстары мында

 Сауалнаманы мында толтыруға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер