astana-view

ҚАРЖЫ СЕКТОРЫ: төтенше жағдай кезеңінде халық және бизнесті қолдау шаралары

2020 жылғы 24 Наурыз
26319 просмотров

Қазақстан аумағында төтенше жағдай кезінде банктер, банктің жекелеген операцияларын іске асыратын ұйымдар, микроқаржы қызметін іске асыратын ұйымдар (ары қарай – кредиторлар) қолдаудың келесі шараларын көрсетеді (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №17 қаулысы):

Жеке тұлғалар үшін өтінім беру қажет етілмейді:

  1. Банк займы немесе микронесие келісімшарттары бойынша сыйақы тағайындалмайды. Негізгі қарыз бойынша төлемді кешіктіру 90 күннен аспауы керек.
  2. Банк займы немесе микронесие келісімшарттары бойынша негізгі қарыз және (немесе) сыйақы төлемдерін кешіктіруге айыппұлдар мен өсімақылар тағайындалмайды.

Заңды тұлғалар үшін жекелеген тәртіпте (негіздеме – қарыз алушының электронды поштаға, онлайн-жүйеге, интернет ресурсқа, мобильді қосымшаға жіберілген өтініш)

  1. Банк төлемдері немесе микронесие бойынша кейінге шегеру (2020 жылдың 18 наурызына дейін жасалған)
  2. Жұмыстан айырылған қарыз алушылар үшін негізгі төлем жне сыйақы төлемі бойынша

МАҢЫЗДЫ! Банк қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.

 Заңды тұлғалар үшін жекелеген тәртіпті (негіздеме – қарыз алушының электронды поштаға, онлайн-жүйеге, интернет ресурсқа, мобильді қосымшаға жіберілген өтініш):

  1. Кредиторлар заңды тұлғаларға берілген банк займдар және (немесе) микрокредит келісімшарттары бойынша негізгі қарыз және (немесе) сыйақы төлемдерін кешіктіру бойынша айыппұлдар мен өсімақылардың тағайындалмағанын қарастырады.
  2. Банк займдары және (немесе) микронесие келісімшарттары бойынша, негізгі қарыз және (немесе) сыйақы төлемдерін қоса алғанда 90 күнтізбелік күнге шегерім береді.

МАҢЫЗДЫ! Қосымша кредитор қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды сұрауы мүмкін. Өтініштерді қарау нәтижелері кредитор қарыз алушыға  олардың ішкі құжаттармен белгіленген тәртіп пен мерзімде береді.

БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР

 МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАР

 Төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдаудың басқа шараларымен #төтеншежағдайдағыбизнес айдарынан таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер