astana-view

Алматы бизнесмендері «#Biz birgemiz!» бірыңғай республикалық акциясына белсенді атсалысуда

2020 жылғы 24 Наурыз
- Алматы қаласы
5931 просмотров

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов хабарлады

«#Biz birgemiz!» халықты антисептикалық құралдар, медициналық маскалар, бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етудің бірыңғай республикалық акциясы Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен басталды.

Акцияға оңтүтік астананың кәсіпкерлері қосыла бастады.

 «Бүгінде ірі кейстер бар, мәселен, Қазақстанның Халық банкі өткен аптада эпидемиямен күрісіп жатқан дәрігерлерді қолдауға 100 млн теңге бөлді. Қайрат Мәжібаевтың жетекшілігіндегі RG Brands компаниясы ел ауқымында Наурыз мейрамы қарсаңында қарттарға арнап 5000 әлеуметтік себет таратты. Бұл бір ғана мысал емес. Әкімдіктің тізіміне сәйкес қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 18 мыңнан астам отбасы бар, бізге бизнестің көмегі қажет. Акцияға қатысам дейтін кәсіпкерлер «Жаңа Алатау» қорына қаражат жібере алады, реквизиттер сайтымызда көрсетілген», – деді Нариман Әбілшайықов.

 Бүгінде көптеген кәсіпкер акцияға қолдау көрсетуге дайын, бірақ қайда хабарласу керек екенін білмейді. Ол үшін Алматы әкімдігінде колл-орталық жұмыс істейді.

 «Акцияға алғашқылардың бірі болып қатысқандар Учет.КЗ компаниялар тобының басшысы Максим Барышев, «Агрофирма «Dinara-Ranch» ЖШС директоры Бақыт Атайбеков, «Petroprox» ЖШС директоры Ұлан Қасымбек. Акция енді іске асуда, бұл туралы БАҚ-та ақпарат тараған соң қатысушылар саны өседі деген сенімдемін», – деді Алматы ӨКП директоры.

 Брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 18 мың аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтықтарын алады деп атап өтті. Алдын ала тізімдер жасалған, алайда азаматтар көмекке мұқтаждар туралы әкімдіктің колл-орталығына хабарлай алады. Әзірге стандартты пакеттер жасалған, күн сайын 1000-нан астам себетті жеткізу жоспарланған. Осы қызмет шеңберінде әкімдік Nur Otan партиясымен ынтымақтастық орнатқан. Онда демеушілер есебінен арнайы қор құрылып, 6000-нан астам пакеттер дайындалған. «Жас Отан» еріктілері 700 топтаманы таратып үлгерді. Әлеуметтік себеттерді «Қазпочта» АҚ жеткізуге көмектеседі.

  Фото: Алматы қаласы әкімдігі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер