Кәсіпкерлер үшін форс-мажор жағдайлары
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуімен байланысты көптеген бизнес-шартты орындау шектеліп отыр. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына кәсіпкерлерден күнделікті форс-мажорлық ситуацияны куәландыру мәселелері бойынша көптеген өтінім түсіп жатыр
Форс-мажорды тану жауапкершілікті азайтып, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдық санкциялардың салынуына жол бермеуге көмектеседі. 16 наурыздан 24 наурызға дейін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына кәсіпкерлерден еңсерілмейтін күшті растау туралы мәселелермен 1,2 мың өтінім келіп түсті.
Консультацияардың басым бөлігі жалға алу мәселелері (233 консультация), келісімшарттық міндеттемелерді орындамау (66 консультация), несиелік жеңілдіктерге (53 консультация) қатысты көрсетілді. Кәсіпкерлердің барлығы өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет екенін сұрады. Жазбаша өтініштерге келетін болсақ, 9 күн ішінде бизнес субъектілерінің 624 өтініш келген, олар бойынша 19 куәлік берілді, 37 бас тарту және 66 жазбаша түсіндірме берілді. 502 өтініш қаралу үстінде.
Еңсерілмеген күш міндеттемелерін растаудан бас тартудың негізгі себептері деп келесі жайттарды атауға болады:
- тараптар арасында келесімшарттық қатынастардың болмауы (тараптар ауызша келіскен);
- міндеттемелерді бұзу және төтенше жағдай кезеңінде шектеулерді енгізу арасындағы себеп-салдарлы байланыстың болмауы;
- міндеттемелерді орындамау фактісі төтенше жағдай енгізілгенге дейін болған;
- жекелеген қызмет түрлеріне нақты тыйым болмаған кезде өнімге, жұмыс пен қызметке сұраныстың төмендеуі;
- ұлттық валюта курсының өзгеруі.
Жазбаша түсіндіру кәсіпкерлер жағдайды жалпы форс-мажор деп тану туралы өтінішпен құжаттарды ұсынбай-ақ көмек сұраған жағдайда, сондай-ақ келісімшар бойынша кәсіпкерлердің міндеттемені нақты бұзуы әлі жасалмаған жағдайда (міндеттемелерді орындамау мерзімі әлі орын алған жоқ және кәсіпкерлер анықтамамен алдын ала көмекке жүгінген) беріледі.
Мәселені шешудің тағы қандай жолдары бар?
Егер қызметіңіз мемлекеттік органының өкілетті тұлғаның актісімен тоқтатылса немесе қызметтерге деген сұраныс елге кіруге тыйым салынғаннан соң төмендесе контрагентке төтенше жағдай кезінде міндеттемелерді орындауды тоқтату, жалға алу құнын бөліп-бөліп төлеу, жалдау ақысын азайту, міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру немесе келісім-шарт міндеттемелерін бұзғаны үшін айыппұлдар төлемеу туралы хабарласу ұсынылады.
Форс-мажор туралы анықтама болса да контрагент сізді міндеттемелерден босатпауы мүмкін, ал сот аталған анықтаманы даудағы бір дәлелдеме ретінде ғана қарастырады.
Еңсерілмен күш жағдайы туралы куәлік жауапкершіліктен сөзсіз босататын негіздеме бола алмайды.
Бірақ еңсерілмейтін күш жағдайының орын алуы себепті сыртқы сауда мәмілелердің бұзылуы кезінде форс-мажор туралы анықтаманы алу міндетті!
Контрагенттерді хабарландырудың шаблондарын мына сілтемеден жүктеп алуға болады:
-жауапкершіліктен босату туралы хабарлама;
-келісімшарт бойынша міндеттемелерді тоқтату туралы хабарлама.
форс-мажор туралы куәлікті алу үшін келесі құжаттармен бірге еркін формада өтінім жазу керек:
-заңды тұлғаларға – тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;
жеке кәсіпкерлерге – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;
-келісімшарт, спецификация, қосымшалар, келісімшартқа қосымша келісімдердің нотариалдық расталған скан-нұсқасы;
-Қазақстан Республикасы аумағында құзыретті органдармен берілген және жалпыға белгілі жағдайлардан басқа келісімшарттық міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін растайтын құжаттардың (оған Төтенше жағдай енгізу туралы Президент жарлығы, Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің немесе өңірлік қаулылар, штаб шешімдері жатуы мүмкін) скан-нұсқасы.
-егер форс-мажорлық жағдай Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде орын алса, еңсерілмейтін күш жағдайы орын алған елдегі тиісті орган берген ресми құжат керек.
Барлық құжаттарды online@atameken.kz электронды поштасына жіберіңіз.
ТЖ кезеңінде құжаттар топтамасы толық болған жағдайда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарайды*. ТЖ кезеңінде форс-мажор туралы анықтама тегін беріледі.
*Штатты режимде куәлікті қарау және беру мерзімі өтінім беруші құжаттардың толық пакетімен қоса өтінішті берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: