1А және 1Б санатындағы елдерден келген көлік жүргізушілері стационарлық карантинге жатпайды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телефонограммасына сәйкес коронавирус бойынша қауіпті елдерден келген көлік жүргізушілеріне шекарада басқа жүргізушімен ауысу қажет етілмейді
1А санатындағы елдер – Франция, Иран, Италия, Испания, Германия және 1Б санатындағы елдер – ҚХР, Оңтүстік Корея, 1А санатына енетін елдерден бөлек Шенген визасы елдерінен келген жүргізушілер тұрғылықты жері немесе келген жері бойынша медициналық бақылауға (үй жағдайындағы карантин) алынады.
Айта кетелік, 1Б санатындағы елдер тізімін Филлипин, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Тайланд және АҚШ толықтырды.
Аталған норма күшіне енді. Енді жүк көлік құралдарын және жүргізушілерді Қазақстан шекарасы арқылы өткізу сантиарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды қаматамсыз ету шартымен шектеусіз іске асырылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: