astana-view

«БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы блок-бекеттерге  30 автокөлік берді

2020 жылғы 26 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4757 просмотров

Өскемендегі «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы коронавирус инфекциясымен күресу жөніндегі штабтарға блок-бекеттерді жабдықтауға 30 көлік: Нұр-Сұлтан қаласына 15 көлік, Алматыға – 10 көлік бөлді. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасына 5 автокөлік берілді. Көліктерді табыстау 25 наурыз күні өтті

 Елбасы тапсырмасын қолдай отырып, «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы әлеуметтік компания ретінде өз көмегін беруге дайын. Компания басшылығы коронавирустың инфекциямен күресу жөніндегі штабтарға 30 көлік бөлу бойынша шешім қабылдады. Бұдан бөлек, бөлінген автокөліктерді күту шығындарын өз міндетіне алып, Республикадағы төтенше жағдай кезеңінде көлік жүргізушілерін де қаматасыз етті.

 «Еліміздің күші – бірлікте. Біз осы уақытты бір-бірімізді қолдау, көмектесу арқылы өткере аламыз.  «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы атынан қазақстандықтарға зор денсаулық, күш пен төзімділік тілеймін», – деді «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев.

 Төтеншге жағдай енгізілгенге кейін компания қызметкерлер арасында эпидемиологияға қарсы және профилактикалық бірқатар іс-шара өткізді.

Клиенттердің қауіпсіздігі мен ыңғайлығы үшін «БИПЭК АВТО» автомобильдерді онлайн-сату жүйесін іске қосты. Енді автомобильді таңдаудан бастап сатып алуға қажет құжаттарды алуға дейін кезеңдер компания сайтында қолжетімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер