astana-view

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған

2020 жылғы 27 Наурыз
4803 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» жарлығын орындау мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен ағымдағы жылдың  25 наурызда Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерін барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларда пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелесінеөзгерістер енгізілді.

Осылайша жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері CT-KZ сертификаты немесе Индустриялық сертификатпен расталған Қазақстанда жасалған тауар, жұмыс және қызметтерді байқау өткізбей бір көзден сатып алуға құқылы. 

Аталған жаңашылдықтар жақын күндері – ҚР Энергетика министрлігінң ағымдағы жылдың 25 наурыздағы №110 бұйрығының жариялануынан кейін 1 күн ішінде күшіне енеді. 

Тура осындай жұмыс ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қатты пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылар сатып алулары линиясы бойынша жүргізіп жатыр. Сәйкес бұйрық жақын арада қабылданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер