astana-view

Алматыда 30 наурызбен 5 сәуір аралығында қандай кәсіпорындар жұмысын жалғастырады

2020 жылғы 28 Наурыз
- Алматы қаласы
14310 просмотров

Оңтүстік астанада карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың толық тізімі Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланды. Көрсетілген уақытта қалған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болады.

Қала әкімдігінің ресми ресурсында көрсетілгендей, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл жағдайлар қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажет. 

Жұмысын жалғастыратындар:

- денсаулық сақтау жүйесі

  • ауруханалар
  • зертханалық қызметтер
  • дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сертификаттау
  • үйге медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мекеме
  • ветеринарлық және мал шаруашылығы жедел жәрдем қызметі

- өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы, орау материалдарын өндіруді қоса алғанда

  • тамақ өнеркәсібі, оның ішінде бірінші қажеттілік тауарлары және осы тауарларды орау материалдарының өндірісі
  • жылыжай және ауыл шаруашылығы
  • дәрілік препараттары, қоса алғанда орау материалдарын өндіру
  • медициналық жабдықтар мен құралдар, санитарлық гигиена өнімдері
  • қағаз бұйымдары
  • санитарлық гигиена өнімдері
  • үйге арналған қағаз бұйымдары
  • жеңіл өнеркәсіп (тек жеке қорғану құралдарын өндіру бойынша)

Алматы қ. ПД, Алматы қ. ТЖД, Алматы қ. Прокуратурасы, Алматы қ. бойынша ҰҚКД, Алматы қ. ЭТД

- қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер

  • электрмен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі
  • сумен жабдықтау және су бұру
  • газбен жабдықтау
  • жылумен жабдықтау
  • ЖЭО-1, ЖЭО-2 және батыс жылу кешенінің көздері
  • ірі және шағын қазандықтар
  • өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері
  • тұрғын үй қорын және коммуналдық объектілерді басқару саласындағы басқару органдарының қызметтері
  • ресми тіркелген такси қызметтерін қоса алғанда, көлік қызметтері
  • көшелер мен үй-жайларды жинау
  • қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату
  • дезинфекциялау
  • жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар
  • телекоммуникация (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін, ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын монтаждау және салу, коммуникация желілерін басқару және техникалық қолдау орталығы)
  • әуежайлар
  • темір жол станциялары мен кәсіпорындары
  • пошталық, курьерлік және жүк тасымалы
  • әлеуметтік қамтамасыздандыру

Мемлекеттік басқару органдары

- бөлшек сауда, тамақ қызметтері және құрылыс салалары

  • азық-түлік дүкендер
  • дәріханалар
  • Автомобиль жанармай бекеті
  • мейрамханалар / барлар / кафелер / асханалар / (тек рұқсат етілген сектор мен жеткізілім аясында)
  • Алматы қаласының аумағында объектілерді салу 

- басқа да маңызды қызметтер

  • тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу сервистері
  • азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты қоймалау және дистрибуциялау
  • адвокаттар мен сот-медициналық сарапшылары
  • қонақ үйлер, хостелдер
  • жатақханалар
  • қарттар үйі
  • балаларға арналған баспаналар, сондай-ақ карантиндегі білім беру ұйымдары
  • үйсіздерге арналған баспаналар
  • жануарларға арналған баспаналар
  • салттық қызметтер, крематорий және зират агенттігі
  • басылымның бас редакторы қол қойған қызметтік куәліктің және редакциялық тапсырманың түпнұсқасы болған жағдайда БАҚ өкілдеріне

Ескерту: егер мекеменің (ұйымның) қызмет саласы жоғарыда аталмаса, бірақ осы мекеменің (ұйымның) басшысы қала тұрғындарының өмірі мен тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды болса, Алматы қаласының Жедел штабына негіздемемен жазбаша сұрау салу қажет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер