astana-view

Ақтөбе Іскер әйелдер кеңесі медициналық мекемелер мен мұқтаж жандарға көмекке 1 млн теңге бөлді

2020 жылғы 27 Наурыз
- Ақтөбе облысы
4408 просмотров

Ақтөбелік бизнес ханымдар «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, Әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қоры» қоғамдық қоры және  «ALTYN OIMAQ» Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі жобасы ұйымдастырған #ЖақсылықЧелленджіне қолдау білдірді

 Жуырда Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Ақтөбе қаласының медициналық қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған азаматтарына 1 млн теңгеге 700 маска, 150 қолғап, 150 дезинфекциялық құрал, 250 қоқысқа арнлаған пакет бөлді. Тағы 30 азық-түлік топтамасы Ақтөбе облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарамасы арқылы қарт адамдар және көмекке мұқтаж тұрғындарға берілді.

 «Еріктілер берілген тізім бойынша азық-түлікті мұқтаж отбасыларға таратады. Осындай қиын жағдайда қоғамымыздың бралық мүшелері жұмылып, мүмкіндігінше бір-біріне көмек беруі керек деп ойлаймын», – деді блыстық Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Айгүл Сақтағанова.

Бұдан бөлек, Іскер әйеллер кеңесінің мүшелері атаулы көмекті де көрсетті. 200 маска және 40 дезинфекциялық құрал «Ақбөбек» компаниясының бас директоры Күлпаршын Айдарханова, 50 маскадан кәсіпкерлер Мәлика Дүйсенбаева, Ботагөз Алтынова және Айгүл Қабиева бөлді. Сондай-ақ «Express Gruz» ЖШС директоры Айгүл Сақтағанова облыстық перинаталдық орталыққа 200 маска және 160 қолғап жіберді. «Ерке» балабақшасына «Ai-Kerim» брендінің негізін қалаушы Айнагүл Мазинова 65 маска, 110 жуу құралын 250 қоқысқа арналған пакет беріп жіберді.

Ақтөбе облысында бұл ұйымдастырылған екінші #ЖақсылықЧелленджі. Алғашқы акцияны Ақтөбе Іскер әйелдер кеңесінен «ПО-Глобал-спецодежда» ЖШС надежда Шабаева қолдады. Тігін фабрикасы 1,5 млн теңгеге өзі тіккен маскалар, қорғаныш құралдар мен дезинфекциялық құралдарды таратты.

 Акцияға облыстық «Қызыл ай» қоғамының филиалы қосылды.

 Республикалық акцияны «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, Әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қоры» қоғамдық қоры және  «ALTYN OIMAQ» Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту жөніндегі жобасы ұйымдастырған.  Акция зейнет жасындағы адамдарға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, сондай-ақ карантин жүргізілетін медициналық мекемелерге жеке қорғаныс құралдарын (маска сияқты) қосымша көлемде беруге және қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша жұқпалы ауруға әлсіз келетін қазақстандықтарға қамқорлық жасалады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер