astana-view

Мемлекеттік мүлікті жалға алу: Төтенше жағдай кезеңінде төлемді тоқтата тұру жөніндегі нұсқаулық

2020 жылғы 30 Наурыз
12951 просмотров

Мемлекеттік мүлікті жалға алу төлемін тоқтата тұру жөніндегі нұсқаулық. Бұл санатқа: мектеп асханалары, ауруханалар мен емханалардағы дәріханалар және т.б.  кіреді

  1. Мемлекеттік мүлік тізілімі www.gosreestr.kz порталында (ары қарай – Портал) жеке кабинетке өтіңіз, одан кейін «Жалға алу келісімшарты» бөліміне өтіңіз;
  2. «Келісімшарттар» бөлімінде қажетті келісімшартты таңдаңыз да іздеу параметрлерін белгілеп «Іздеу» батырмасын басыңыз;
  3. Ашылған терезеде «Жалға алу төлемін тоқтатуға өтініш құру» батырмасын басыңыз;
  4. Өтініште:  – кәсіпорныңыздың санатын (шағын, орта, ірі) белгілеңіз; тоқтату мерзімін таңдаңыз – мүмкіндігінше рұқсат етілген мерзім 2020 жылдың 19 маусымына дейін;
  5. Ары қарай «Өтінішті құру» басыңыз, ал кейін «Қарауға жіберді» басыңыз;
  6. Электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз, ары қарай «Қарауға жіберуді» қайталап басыңыз;
  7. Өтінішті қарағаннан соң мемлекеттік орган–жалға беруші қосымша келісім құрады, құжат сіздің жеке кабинетіңізге қол қойылуға келіп түседі;
  8. Аталған қосымша келісімге Порталда жалға алушы келісімді құрған уақыттан бастап 3 жұмыс күні ішінде электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою керек. Қосымша келісім жасалды, жалға алу құнын төлеу тоқтатылды.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер