astana-view

Қиын кезеңдер мықты адамдарды шыңдайды

2020 жылғы 06 Сәуір
5613 просмотров

Қиын ситуациялар өзін ғана емес, өзгелерді де ойлайтын мықты адамдарды тануға көмектеседі. Бизнесте мықты адамдардың болуы – қоғам үшін пайдалы әрі ел үшін мақтаныш

«Глобал-Спецодежда» компаниясының директоры Надежда Шабаева – сөзімізге үлгі болатын әлеуметтік жауапты кәсіпкер.

«Глобал-Спецодежда» – Ақтөбе қаласында отандық жеңіл өнеркәсіп саласында жетекші компания, ерекше жағдайда (карьер, зауыт, кен орны) жұмыс істейтін жұмысшыларға қорғаныш костюмдерін тігумен айналысады.

 Елде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап Надежда Александрованың жетекшілігімен компания облыс ауқымында әлеуметтік белсенділік танытты. Фабрика қысқа уақытта тез бағдарланып, медициналық маскаларды тіге бастады.

 Осылайша 24 наурызда Ақтөбеде #Жақсылықчеленжі қайырымдылық акциясы өтті, онда маскалар медицина қызметкерлеріне, жағдайы төмен отбасылар, зейнет жасындағы адамдарға таратылды.

 Акция аясында компания өкілдері еріктілермен бірге қала әкімдігіне 1,5 миллион теңгеге коронавирустық пандемияға қарсы қорғаныс құралдарын тапсырды. Өз кезегінде әкімдік 500 көпреттік маска, 100 қорғаныш костюм, 200 қорғаныш көзілдірік, 100 медицина халаты және 600 медициналық қалпақты қала ауруханалары  жағдайы төмен отбасылар, зейнет жасындағы адамдар арасында таратты.

 Бұдан бөлек Глобал-Спецодежда аз қамтылған топтардағы әйелдерді белсенді қолдайды. Компания Ақтөбе қаласында 25 қыз-келіншекке үйде отырып тігу мүмкіндігін беріп, күнделікті ақылы жұмыспен қамтып отыр. Жуырда тағы 40 әйел жұмыспен қамтылады.

 Осы ретте «Глобал-Спецодежда» мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік қолдау шараларын алмаған, білікті менеджмент арқылы дамып, адал бәсекелестікке шындалды.

 Бүгінде компания «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде өндірісті кеңейтіп, 500 жұмыс орнымен тігін фабриканы салып жатыр.

 «Өкінішке қарай, компаниямыз қиындықтарға тап болды. Алайда жұмысты жалғастырып, ертеңгі күні мықтырақ болатынымызға сеніммен қараймыз», – деді», – деп атап өтті Надежда Шабаева.

Қоғам және бизнесте мықты адамдар көбейіп, ал мемлекет оларды өз деңгейінде бағалап, қолдау білдіреді деп үміттенеміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер