astana-view

Өскеменде бизнес пен қоғам белсенділері карантинде қалған адамдарға көмектесіп жатыр

2020 жылғы 08 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5237 просмотров

7 сәуірде Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілдері «Атамекен» ҰКП Өңірлік Іскер әйелдер кеңесі, Өскемен қаласы маслихатымен бірлесіп, Потанин көшесінде карантин режимінде қалған үйдің тұрғындарына көмек көрсетті. Оларға «Қазцинк» ЖШС атынан бірінші қажеттіліктегі азық-түлік берілді

ШҚО облыс орталығында бір-екі күн бұрын Потанин бойындағы көпқабатты үй карантиндік аймаққа өтіп, толығымен оқшауланды. Үй тұрғындары үшін бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерін жеткізу ұйымдастырылды.

 «Үйде тапсырысқа тамақ ала алмайтын жалғыз басты адамдар тұратыны анықталды. Сондықтан біз мұқтаж тұрғындарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік топтамаларын жинақтау бойынша шешім қабылдадық», – деді «Атамекен» ҰКП ШҚО бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова.

Қоғам белсенділерінің бастамасын  «Қазцинк» қолдады.

«COVID-19 пандемиясы планетадағы миллиондаған адамның өмірін күрт өзгертті. Өкінішке қарай, қазақстандықтар да үйреншікті тіршіліктерін өзгертуге мәжбүр болды. Осындай қиын жағдайда біз адамгершілік сынынан өтіп жатырмыз. Өйткені қоғамда ерекше көмекті қажет ететін адамдар болады. Бүгінде «Қазцинк» көмекке келіп, Өскемен қоғамдық кеңесінің бастамасына қолдау білдірді. Тұрғындарда бәрі жақсы болады деген сенімдеміз», – деді «Қазцинк» ЖШС директорының  әкімшілік мәселелері жөніндегі орынбасары Андрей Лазарев.

Облыс орталығын қоғам өкілдері «Қазцинк» ЖШС-на алғыс білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер