astana-view

Шағын және орта бизнесті дамытуға 2014 жылы 100 млрд теңге бөлінеді

2014 жылғы 15 Сәуір
3732 просмотров

Шағын және орта бизнесті дамытуға 2014 жылы 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Шағын және орта бизнес жобаларын қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуге 2014 жылы 100 млрд теңге бөлінеді. Бүгін Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады», - деп хабарлады Е.Досаев. 

Оның айтуынша, 2014 жылдың 20 сәуіріне дейін «Бәйтерек» пен «Даму» АҚ қаржыны екінші деңгейлі банктерге орналастыруды бастайды. 

«Қаражаттың 50 пайызы бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыруға, 50 пайызы жаңа жобаларды қаржыландыруға жұмсалады», - деді министр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер