astana-view

«Олимп» КДЗ 10 зертханасында коронавирусқа жедел тестілеуден өтуге болады

2020 жылғы 14 Сәуір
21804 просмотров

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-ға тегін жедел-тестілеуді «Олимп» КДЗ жабдықталған процедуралық кабинеттерінен өтуге болады.

Тестілерді сатып алуға қаражатты «Сәби» қайырымдылық қоры бөлді. COVID-19-ға тегін жедел-тестілеу бойынша бүкіл жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауымен жүргізіледі.

Зерттеуден өту алгоритмі келесі тәртіпте орындалады:

-Тестілеуден өту үшін пациент cdl.kz сайтында сауалнаманы толтырады.

-Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемилогтары жеке адамдар тобының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізеді.

-Бекітілген тізімдер ОЛИМП КДЗ операторларына жіберіледі.

-Зертхана қызметкерлері науқаспен байланысқа шығып, зерттеу өтетін орынды айтады: сынама алу мекенжайы, күні, зерттеу уақыты, келушілерге талаптар және анализ өткізудегі іс-қимыл; оператор нұсқаған процедуралық кабинетке пациент маскада, жеке куәлігімен келуі керек. Кезек болса пациенттер арасында 1,5-2 метр қашықтық сақталуы керек.

-анализ нәтижесі пациентке тура сол жерде 15 минут ішінде ауызша айтылады, бір күн ішінде жазбаша түріндегі нәтиже сауалнамада тотырылған поштаға келеді.

-Аталған шаралар келушілердің, сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған.

 Тестілеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемилогтары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы қаулысында көрсетілген талаптарға сәйкес бекіткен тұлғаларға ғана тегін негізде жүргізіледі.

 Бірінші кезекте тегін зерттеуден өтетіндер:

-коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем саласының медициналық қызметкерлері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері.

 - тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;

-  коронавирус таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК, Кеден қызметі, Әкімдіктер қызметкерлері;

- карантиндік аймақтардың тіршілік қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері

 -Бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес  эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша науқастар.

Биоматериалдарды алу пунктері:   

 Нұр-Сұлтан:

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Әуезов көшесі, 36-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті пр. Б. Момышұлы д-лы, 16-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті  Абылайхан д-лы 12/1-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Е көшесі10, 2-үй, 8;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Гёте көшесі, 3-үй

Алматы:

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Жандосов көшесі, 1В-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Байзақов көшесі,  221-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Халиулин көшесі, 32-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Сейфуллин д-лы, 549-үй;

- ОЛИМП КДЗ процедуралық кабинеті Гагарин д-лы,  236Б-үй


Еншілес ұйымдар

Серіктестер