astana-view

ЕАЭО елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары және «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі үндеуге қол қойды

2020 жылғы 17 Сәуір
4840 просмотров

17 сәуірде ЕАЭО елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары және «Атамекеннің» бірлескен отырысы өтті, оның барысында тараптар пандемияға байланысты ситуацияда бизнесті қолдауда күш біріктіруге келісті.

Жиынға ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович,ЕЭК Министрлері қатысты. Алқа мүшелері қазіргі жағдайда ЕАЭО елдерінің бизнесіне қолдау көрсету үшін сауда - өнеркәсіп палаталары және «Атамекен» ұсыныстарын күтетіндерін, олар бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Жиын қорытындысы бойынша сауда-өнеркәсіп палаталары және «Атамекен»  бірлескен үндеуге  қол қойды, оған сәйкес дағдарыс жағдайында ЕАЭО-ның  экономикалық  тұрақтылығын ынталандыру бойынша шаралар пакеті дайындалатын болады.

Қол қоюшы тараптар кәсіпкерлерден проблемалар және ЕАЭО шеңберінде ынтмақтастық мүмкіндіктері туралы хабарлауды сұрады.Сонымен қатар саудадағы кедергілер мен ЕАЭО аумағында тауарлардың, әсіресе медициналық және сұранысқа ие басқа да тауарлардың қозғалуы туралы ақпарат беру ұсынылды. Жинақталған мәліметтер мен ұсыныстар ЕЭК-ке жіберілетін болады.

Ол үшін қатысушылар сауда-өнеркәсіп палаталары мен “Атамекен” жұмысын, сондай-ақ ЕЭК-пен бірлескен іс-қимылдар бойынша ынтымақтастықты жүйелендіру бойынша шешім қабылдады. Ресей сауда-өнеркәсіп палатасы жанынан Консультациялық кеңестің Хатшылығы құрылатын болады.

“Ағымдағы жағдайда ЕАЭО-да экономика салаларында қалыптасқан қарым-қатынасты сақтап қалу, ал ЕАЭО ішкі нарығында  әсіресе әлеуметтік маңызы  бар тауарлардың еркін қозғалысын  қамтамасыз  ету маңызды.   Бірінші кезекте жүктердің, соның ішінде транзитті жүктердің кедергісіз қатынауына қол жеткізу керек”, - деп атап өтті “Атамекен” ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары  Евгений Больгерт. 

Талқылау барысында палаталар ағымдағы ситуацияда кәсіпкерлердің өтінімдерімен жұмыс бойынша қабылданған практикамен өзара алмасты. «Атамекен» өз кезегінде Қазақстанның барлық өңірінде кәсіпкерлерге көмек беру  жөніндегі   жедел  штабтардың жұмысы, өтінімдер мен сұрақтарды қабылдау бойынша колл-орталықтың күнделікті жұмысы туралы хабарлады. Евгений Больгерттің айтуынша,  қазіргі таңда Ұлттық палатаға форс-мажорлар бойынша 2000-нан астам  жазбаша өтінім келіп түсті, соның ішінде 248 куәлік берілді.  

Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілеріне ЕАЭО елдерінің өзара саудадағы шектеу шараларын енгізу немесе алып тастау туралы шараларды тұрақты түрде хабарлайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер