astana-view

Жүйе құрушы кәсіпорындар бойынша ақпаратты жинауға қатысты

2020 жылғы 26 Сәуір
6728 просмотров

24 сәуір күні Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі жүйе құру деп танылған кәсіпорындардың тізімін таныстырды

Осыған дейін аталған тізім «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлермен мақұлданбайтын, бұдан бөлек – бұл тізім қандай мақсатта құрылғаны жайында нақты түсінік болмаған. Кәсіпорындарды іріктеу критериі және жүйе құрушы кәсіпорындар тізімін қалыптастыруға «Атамекен» ҰКП-ның қатысы жоқ.

 Ұлттық палата ірі бизнеске қатысты ситуацияны зерттеу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі таныстырған сауалнаманы тарату үдерісіне қатысты. Сауалнаманы Министрлік түрлі арналарға таратты, «Атамекен» ҰКП – арналардың бірі болды. Салалық қауымдастықтар сауалнаманы алды, бірақ оған қатысу кәсіпкерлердің қалауына берілді. Сауалнаманы толтыру мақсаты жүйе құрушы кәсіпорындар тізіліміне қосуды көздемеді.

Мемлекеттік комиссия отырысында жүйе құрушы кәсіпорындар таныстырылған соң «Атамекен» ҰКП ішкі жиналыс өткізіп, онда Ұлттық палата басшылығы мен Төралқа мүшелері тізім идеясына қарсылық білдірді.  «Атамекен» ҰКП бизнес өкілдері қаражат және жеңілдіктерді беру үдерісінің ашықтығы принципіне негізделген қолдауды алуы керек деп санайды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер