astana-view

Карантиннің жеңілдеуі жағдайында кәсіпкерге неге назар аудару керек?

2020 жылғы 04 Мамыр
- Павлодар облысы
4580 просмотров

Павлодарда 2020 жылдың 4 мамырында кәсіпорындардың бір бөлігі жұмысқа кірісті. Барлығы бизнестің 7000 субъектісі қызметін жаңартты. Осы жеңілдікпен қоса санитарлық шаралар күшейтіледі

 «Кәсіпкерлер карантиндік шаралардың жеңілдеуі санитарлық талаптарды орындау қажеттігін тоқтамағанын және инфекцияның таралауын болдыртпауға барлық шараларды қолдануды есте сақтауы керек», – деді ӨКП директоры Ербол Арынов. 

Санитарлық дәрігерлер бизнесмендерге арналған бірқатар талап белгіледі.

 «Кәсіпкерліктің барлық объектілерінде дезинфекциялық режимі күшейтіліп, жұмыс белгіленген кесте бойынша жүргізілуі тиіс. Қызмет көрсету алдын ала жазылу бойынша, сонымен қатар келушілердің санына шектеу бар. Персонал бірретік қолғаптар, маскалар қолданады, маскаларды ауыстыру ең кемі 3 сағатта бір рет. Қазір сұлулық салондары, шаштараз қызметі іске қосылды, клиенттер арасында ең кемі 2 метр арақашықты  сақтау талап етіледі. Қызметкерлердің және қызуын күніне бірнеше рет өлшеп отыру міндетті. Жеке қорғану құралдарының қоры болуы шарт. Қоғамдық көлік жұмысы әлі де тоқтап тұр. Аптасына бір рет бизнес субъектілері санитарлық күнге жабылады», – деді Ербол Арынов.

Палата директоры өңірде көктемгі дала жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында дағдарысқа қарасы шаралар шеңберінде өзгерістердің бесінші пакеті қабылданды. Кәсіпкерлерді аталған бағдарламаға қатысуға шақырамын. Бағдардаманы іске асыруға 1 трлн теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығын қолдауға басымдық берілген. Қаржының басым бөлігі агроөнеркәсіптік кешен саласныда қайта өңдеу мен өндіріске бағытталған. Сонымен қатар шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына қаржы бөлінеді», – деді Ербол Арынов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер