astana-view

Қарағанды кәсіпкерлері карантин жағдайында бизнестің жұмыс істеу тәртібін талқылады

2020 жылғы 04 Мамыр
- Қарағанды облысы
9547 просмотров

 Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің онлайн отырысы өтті. Онда Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 мамырдағы №18 қаулысын талқылау өтті. Облыс кәсіпкерлері қарауға жіберуге өз ұсыныстарын енгізді

 Қарағанды облысы ӨКП директоры Ернар Күлпейісов Өңірлік кеңестің мүшелеріне қабылданған қаулы туралы хабарлады.

«Бизнесте орын алған мәселелер туралы ақпарат Өңірлік кәсіпкерлер палатасына лек-легімен түсіп, ұсыныстарды әзірлеу үшін жинақталуда. Көптеген мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді. Облыстың бас санитарлық дәрігері өз қаулысын қабылдады. Қарағанды облысы ӨКП №18 қаулысымен танысып, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен өтініштерді талдап, ағымдағы ұсыныстарыңызды тыңдап, оларды уәкілетті органға түсіндірме алу үшін жібереді», – деп хабарлады ӨКП директоры.

 «Магнитка Казамета» ЖШС директоры Андрей Витик кәсіпорын маңындағы территорияны зарарсыздандыру бойынша мәселе көтерді.

«Объекті маңындағы аумақты зарарсыздандыру бойынша талапты орындау мәселесі туды, дезинфекцияны жүргізу ауданы белгіленбеген. Сәулет туралы заңға сәйкес объектіге жататын аумақ – периметрі 5 метрді құрайтын жер, ғимарат шекарасына жақын жатқан аумақ. Яғни егер кәсіпкерде 1 гектардан көп ауданы болса, бұл жермен келушілер жүрмейді, ал КВИ-ді алдын алу үшін коронавирусты алдын-алу жағдайында объектінің кіреберіс жағына іргелес жатқан аумақты зарарсыздандыру (мысалы, 5 метр) талаптарын белгілеу қажет деп санаймыз, өйткені объектінің ішіне дезинфекциялық тосқауыл жасау бойынша талап қойылып отыр», – деп мәлімдеді Андрей Зеновьевич.

Жиында жұмыс кестесі жайында мәселе көтерілді. жаңа қаулының 10-қосымшасы бойынша азық-түліктік емес дүкендер сағат 20:00-ге дейін жұмыс істей алады, ал осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Бұл және басқа да маңызды мәселелер Қарағанды облысы Өңірлік кеңесі барысында талқыланды, оларды шешу бойынша ұсыныстар жасалды.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер