astana-view

Мемлекеттік сатып алуларда отандық өндірушілер санын арттыру – «Атамекен» карантиннен кейінгі кезеңде басты міндеттерді атады

2020 жылғы 12 Мамыр
7137 просмотров

Карантин аяқталған соң отандық тауар өндірушілерге үлкен тұтынушылық сұранысты күтпей, мемлекеттік сатып алуларға бағдарланған абзал. Мұндай ойды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты

«Қазіргі кезде біз төтенше жағдайдан шығып жатырмыз, сұраныс деңгейі мен оның құлдырау тереңдігін анықтау аса маңызды. Секторлар бойынша сұраныстың түрлі болуы анық, бірақ тұтастай алғанда тұтынушылық сұраныс құлдырайтынын түсінуіміз қажет. Халық не табысың жоғалтты, немесе табыс көзі айтарлықтай төмендеді. Сұраныс қайда болуы мүмкін? Сұраныс мемлекетте», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Басқарма Төрағасының айтуынша, бүгінде мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың сатып алулары,  жер қойнауын пайдаланушылар реттелетін сатып алулары шамамен 12-13 трлн теңгені құрайды.  

«Өз сөзінде Президент біз «Атамекенде» жиі көтеретін мәселені атап өтті – отандық тауар өндірушілерді қолдау, ал импортты алмастыру мәселесін мемлекеттік саясат ету. Мемлекет басшысы үкіметке, әкімдерге, квазимемлекеттік сектор компаниялары жетекшілеріне сатып алуларда отандық өндірушілерге басымдық беруді тапсырды.  Өңдеу секторында отандық тауар өндірушілердің үлесі 35-40%, бұл көрсеткішті 60-70%-ға жеткізу міндеті тұр. Бұл өте қиын, бірақ өте маңызды. Сұраныс мемлекет қолында, ал біз осы сұранысты ақылмен пайдалануымыз керек», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Карантиннен кейінгі кезеңде маңызды мәселелердің бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдау. Еске салсақ, «Атамекен» бірнеше жыл бойы «Бастау» бағдарламасын іске асырып келеді, сондай-ақ ел ауқымында жұмыспен қамтылудың шынайы ситуациясын көрсеткен ауқымды скрининг жүргізілді.

 Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы барысында Мемлекет басшысы айтқан тапсырмалардың бірі Үкімет және «Атамекен» Ұлттық палатасына бірнеше өңірде «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» ауылда кооперациялық тізбекті құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру тапсырылды. 

«Тұрғыны мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны көп ірі және тығыз шоғырланған өңірлерде іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл Алматы облысы, Түркістан облысы және Жамбыл облысы. Күзге дейін пилоттық жоба жылдық 6 пайызбен микронесиелеуді қолданумен жүргізілмек», – деді Абылай Мырзахметов.

 Спикердің айтуынша, ауыл тұрғындарында несиелеудің басты мәселесі кепілзаттық мүліктің болмауы, сондықтан ұзақ мерзімге берілетін арзан қаражат үй шаруашылықтарына қолжетімсіз болған. Осы мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан кепілдендіру қолданылады, сонымен қатар экономикалық айналымға енгізу, яғни қаражаттан бөлек бұл бағдарлама оқыту, кооперация арқылы жаңа техниканы, тұқым сатып алу, ең бастысы – өткізуді қамтамасыз етуді көздейді. Жеке шаруашылықтар өз өнімдерін сол жерде жеткізе алатындай ету мақсатында ірі бөлшек сауда желілер стандарттарын зерттеу үшін олармен жұмыс жүргізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер