astana-view

«Атамекен» заңгерлері зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіруге қатысты заң жобасын қарауда

2020 жылғы 18 Мамыр
6035 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы келіп түсті

 Заң жобасын қабылдау зияткерлік меншікке құқықты күшейту және зияткерлік меншік саласында дауларды объективті шешу үшін жағдайды жасартуға бағытталған.

 Заң жобасы шеңберінде келесі түзетулерді қабылдау жоспарланған:

 - құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдар қызметінің ашықтығын күшейту («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 43 бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы);

- қолданыстағы заңнаманы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдермен үйлестіру;

- бір көзден жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісімшарттар шеңберінде зияткерлік меншік мәселелерімен байланысты дауларды алып тастау;

-«географиялық нұсқау» зияткерлік меншіктің жекелеген объектісін енгізу.

 Заң жобасымен мында танысуды ұсынамыз. Жобаға қатысты ұсыныстар және (немесе) ескертпелер болса мына нөмірге хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919 327, s.zhamanbayev@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер