astana-view

Карантин режимін сақтау бойынша рейдтік шаралар: кәсіпкерлер неге назар аударуы керек

2020 жылғы 25 Мамыр
- Павлодар облысы
4488 просмотров

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті карантиндік режимде жұмыс істейтін нысандарды тексерудің алгоритмін жасады.
«Атамекен» Өңірлік палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров кәсіпкерлер осы кезең ішінде қызметті қалай жүзеге асыруы керек және неге баса назар аудару керек екендігін айтып берді.

«Құрамына әкімдіктердің, «Атамекен» палатасының және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің өкілдерінен тұратын Мониторингтік топтар құрылды. Бұл бақылау топтары жергілікті жерлерде кәсіпкерлердің жұмысқа дайындығын, кәсіпкерлердің эпидемияға қарсы режимнің талаптарын, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық дезинфекцияның, адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін сақталуын бақылайды», - дейді Серік Әубәкіров.

Мониторинг объектілерінің санатына мыналар кіреді:
- медициналық орталықтар, сауда орындары, азық-түлік базарлары, азық-түлік емес дүкендер, құрылыс дүкендері, халыққа қызмет көрсету, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, автокөлік сататын дүкендер, сұлулық салондары, мәдениет және басқа да объектілер, туризм және халыққа қызмет көрсететін ұйымдар, басқа да адамдар жиналатын нысандар аса жоғары санитарлық-дезинфекциялық шараларын сақтау қажет.
- мектепке дейінгі ұйымдар, оқу орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған түзету кабинеттері
- азаматтардың аймақтар арасында, әуерейстерде, сондай-ақ қоғамдық көліктерде жүру тәртібі
- халыққа қызмет көрсету орталықтары

«Мониторинг топтарының негізгі міндеті - қолданыстағы шектеулер туралы және олардың орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен, кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен енгізілген шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 462-бабында әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын білуі керек. Әкімдіктер жанындағы жедел штаб жүйелі түрде уәкілетті және құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мобильді топтарға, жұмыс режимін көрсете отырып, жұмысын бастаған немесе жақын арада жұмыс істей бастайтын ұйымдардың тізімдерін жасайды және ұсынады », - деді Серік Әубәкіров.

Мониторинг топтары жұмысына тыйым салынған келесі жеке нысандарды тексереді: сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрларды, театрлар жұмыс жасауына тыйым салуды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын: спорттық, отбасылық, еске алу және басқа да шараларды ұйымдастыру орталықтары.
Уәкілетті және құқық қорғау органдары, сондай-ақ мобильді топтар аймақтар арасындағы бақылау-өткізу пункттеріндегі санитарлық-карантиндік бақылауды ұйымдастырудағы мекемелердің, кеңселердің қызметіне мониторинг жүргізеді. Төтенше жағдайдың күші жойылғаннан кейін жұмысын қайта бастаған азаматтардың еңбек қызметіне кіруге және шығуға рұқсат беру, жұмыс орнынан анықтамасы бар және жұмыс орнында қоғамдастықта тіркеуден өту, карантині жарияланған аймақтарда медициналық негіздеме бойынша кіруге және шығуға рұқсат беру мәселелеріне қатысты.

«Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, эпидемия, карантиндік объектілердің ошақтары немесе таралу қаупі туындаған жағдайда, кәсіпкерлік нысандарды жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын-ала хабарландырусыз және тексеру актісін тіркеп, оны келесі жұмыс күні құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы уәкілетті органға жібермей жүзеге асырылады», - деді Серік Әубәкіров.

Құқық бұзушылық анықталған барлық жағдайларда дәлелдемелер жиналады. Құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыдан, жәбірленушіден, куәгерден егжей-тегжейлі түсіндірмелер алынады, құқық бұзушылық туралы фото-видео жазба жасалады.
Егер сол жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мүмкін болмаса, құқық бұзушылық жасаған тұлға және жиналған материалдар уәкілетті органға жеткізіледі.
Осы шарадан басқа, қылмысты жасаған адамға қатысты істі өндіруді қамтамасыз етудің басқа шаралары қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұстау, жеке тінту, көлік құралдарын тексеру, заттар мен тауарлардың құжаттарын тәркілеу және т.б.
Сот ісін жүргізудің барлық кезеңінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары сақталуы керек.

«Кәсіпкерлердің назарына, егер заңды құқықтары бұзылған жағдайда немесе шенеуніктер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған жағдай орын алғанда, олар «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына Павлодар қ., Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша, телефон: 66-03-11 ішкі 5502 , 5551, 5510 жүгіне алатындығын хабарлаймын», - деді Серік Әубәкіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер