astana-view

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 25 Мамыр
- Түркістан облысы
10902 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына Тимур Арсенұлы Нахыпбеков басшы болып тағайындалды. Осыған дейін Тимур Нахыпбеков ҰКП өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарған

Тимур Нахыпбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «заңгерлік» мамандығында оқыған.  Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне де ие.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес департаментінде инспектор ретінде бастаған.

2009 жылдан бастап "ҚТЖ" ҰК"АҚ "Шымкент жол бөлімшесі" филиалының заң консультанты, заң секторы бастығының м.а. қызметін атқарды.

2013 жылы «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалының әкімшілік кедергілер жөніндегі бас сарапшысы қызметінде болған.

2013 жылдың қараша айынан 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдық қызметтерде еңбек етті. Ең алдымен –бас сарапшысы, одан кейін сервистік қолдау, құқық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімдерінің басшысы, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС директорының орынбасары.

 2017-2018 жылдарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аппаратының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып еңбек еткен.

2018 жылдан 2020 жыл аралығында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымында болған.

2020 жылдың ақпан айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҰКП өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер