astana-view

Каспий теңізі арқылы тауар тасымалы артты. Кеме жасау жобасы маңызды

2020 жылғы 27 Мамыр
- Маңғыстау облысы
5047 просмотров

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай – Еуропа – Қытай бағытында тасымалданған  тауардың 88% еліміз арқылы өткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш  77% еді.  Мұндай жетістікке Маңғыстау облысында орналасқан теңіз инфрақұрылымының мүмкіндіктерінің арқасында қол жеткізілді

Ақтау қаласы Қазақстанның батыс көліктік-логистикалық астанасы деп аталады. Оған Ақтау халықаралық әуежайы, Ақтау теңіз сауда порты, Баутино теңіз порты, Құрық порты, Ақтау теңіз солтүстік терминалының ықпалы зор.

Ақтауда темір жол вокзалы болмағанымен темір жол желісі тікелей Құрық портына келіп кіреді. Бұл басқа елдерден келген  клиенттер  үшін өте тиімді.  Өйткені  жол Ақтауға қарағанда 4 сағатқа қысқа.

Құрық портына Иран, Әзірбайжан, Түркия, Румыния, Грузиядан жүктер келеді. Бүгінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін экономикалық тартымды бағыт құру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. « Бұған дейін  жоспарланғандай 2020 жылы Құрық портының жүк айналымы 2 млн тоннаны құрауы тиіс. Бізде ондай көрсеткішке жететін  мүмкіндіктер бар. Ең бастысы халықаралық деңгейде -өзіміздің бәсекеге қабілеттілігімізді көрсету және Қазақстан арқылы тасымалдаудың тиімділігін дәлелдеу», – дейді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

Еліміз үшін стратегиялық маңызды жоба Маңғыстауда Каспий теңізі жағалауында жүзеге аспақ. Құрықта кеме жасау қолға алынбақшы.

Әзірге елімізде жеке паромдар жоқ және бұл бірқатар қиындықтар тудырады. Алайда, 2023 арналған инфрақұрылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бойынша паром салу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, Құрықта кеме жасау жобасы іске асырылатын болады.

Қазақстан үшін бірнеше көлік хабтарының қиылысында орналасқан Ақтау теңіз сауда портының стратегиялық маңызы жоғары. 2019 жылы порт 3,5 млн тоннадан астам жүк қабылдады, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 39 мың тонна Бұл көрсеткіштің төмендеуі АҚШ-тың  Иранға жариялаған санкциясының салдарынан.

Ал, Иран қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылардың бірі болып табылады. Ал тасымалданған мұнай мен мұнай өнімдерінің көрсеткіштері керісінше өсті.

Ақтау портында өңделген контейнерлердің көрсеткіштері 6 есеге-13,3 ДФЭ-ге дейін артты. Бұған Ақтаудан Алятқа (Әзірбайжанға) фидер тасымалын іске қосу себеп болды.

Аймақ басшысы Серікбай Трұмов атап өткендей, Ақтауда қазір жаңа жүк түрлері де қайта бағдарланған: полипропилен, калий тыңайтқыштары, техника, мыс, құрылыс материалдары. Сонымен қатар, тапсырыс берушілерге кепілді көлем тасымалдаған жағдайда жеңілдіктер беріледі.

Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдау көрсеткіштерінің өсуіне қазақстандық темір жол тарифтерінің  ресейлік тарифтерден 2-3 есе төмен болғаны  ықпал етті. Бұдан басқа, жүктердің 90% - ға жуығы өзіндік құнынан төмен (транзиттік қатынастардан басқа) тасымалданады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша теңіз арқылы 5,8 млн тоннаны жүк тасымалданған. Оның ішінде Құрық порты арқылы – 1,3 млн тонна, Ақтау порты арқылы – 3,5 млн тонна, Ақтау солтүстік терминалы арқылы – 1 млн тонна.

«Порттардың қуатын арттыру және жүк тасымалдау көлемін арттыру үшін Сапалы жол-көлік жүйесін құру қажет. Сондықтан біз автомобиль жолдарын жөндеуге үлкен мән береміз», – деп атап өттіі облыс әкімі Серікбай Трұмов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер