astana-view

Түркістан облысында тамақтану орындары мен шипажайлар жұмысын іске қосты

2020 жылғы 01 Маусым
- Түркістан облысы
10377 просмотров

Түркістан облысында бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышановтың кезекті қаулысы шықты

Құжатқа сәйкес бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану нысандары өз жұмысын бастады. Яғни, әзірге 50 адамға дейінгі ашық жазғы кафелер мен мейрамханалар қатаң эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілген.

Сонымен қатар СПА орталықтары, моншалар, сауналар, бассейндер мен жағажайлар да ашылды.

Фитнес орталықтары, спорт кешендері, санаторийлер мен демалыс үйлері жұмысқа қайта оралды.

Діни (жалпы қызмет көлемінің 30% дейін ғимаратты толтырып), спорттық және мәдени нысандар жұмысы көрермендерсіз өткізуге рұқсат етілді.

Санитарлық дезинфекция және маска режимін күшейте отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жұмыспен қамту орталықтары да іске қосылды.

Теміржол вокзалдарының, автостанциялар мен автовокзалдардың жұмысы қалпына келтірілді.

«Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтай отырып саябақтарда, алаңдар мен скверлерде, жағалауларда шектеусіз жүруге рұқсат беріледі»,-делінген қаулыда.

Жоғарыда аталған кәсіп түрлерін қайта бастаудың міндетті шарты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау болып табылады. Мұны арнайы мобильді топтар қадағалайтын болады.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады:

ҚАУЛЫ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер