astana-view

Бастау-2020: Павлодарда көп балалы ана өз кәсібін бастады

2020 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
3675 просмотров

2019 жылы Тереңкөл ауданының 184 тыңдаушысы «Бастау» жобасы бойынша оқудан өтті. 142 түлек бизнесті дамытуға грант алды, 14 ауыл кәсіпкері жеңілдікпен несие алды

Қолөнері – әдемі, бірегей әшекей, кез келген көйлектің сәнін кіргізетін сән бұйымы екені мәлім. Песчаное аулының тұрғыны, төрт баланың анасы Наталья Раисова қолөнерімен табыс табуды көздеп, Бастау жобасына қатысуға шешім қабылдады.

 «Іскер адамның қолынан бәрі келеді» деп бекер айтпайды. Бұл жоба қатысушыларға сүйікті ермекті табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Наталья Раисова көп жылдар бойы қолөнермен айналысады. Кәсіпкерлік негіздерін өтіп, ол бизнес-жоспар құрып, сәтті қорғап шықты, жобаны іске асыруға мемлекеттік грант алды», – деді ӨКП Тереңкөл аудандық филиалының директоры Мұсағит Омаров.

 Грант қаражаты тоқу машинасы мен басқа жабдық алуға жұмсалды. Шеберхана үй ішінде іске қосылды, алғашқы тапсырыстар да көп күттірмеді. «Бастау» түлегі бала киімін тоқу мен тігуге қуана кірісті.

 «Әр ана баласының әдемі киініп жүргенін көргісі келеді. Сапалы маталармен ғана жұмыс істейміз. Бизнесіміз енді қолға алынған, осы тұрғыда кәсіби деңгейге жетіп, өз сатып алушыңды еншілеп алудың қаншылықты маңызды екенін түсінемін. Кәсіпкерлер палатасы бізге жақсы қолдау көрсетті», – дейді кәсіпкер.

 Бұл кәсіп отбасылық іс, өйткені Наталья Раисоваға 15 жасар баласы Эрик көмектеседі. Тіпті карантин кезеңі де кәсіпті тоқтатпады, шебер ана тұрғындарға маска тікті. Тауар жылдам сатылып кетті; алда талай жоспар бар: өнім ассортиментін кеңейту, жеке орынжай табу, көмекші қыз алу.

 «10 маусым күні бүкіл ел ауқымында «Бастау» жобасының алғашқы легі іске қосылады. Барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз, тел: 8/7182/ 660311 ішкі нөмірлер 5511, 5560», – деп атап өтті Мұсағит Омаров. 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер