astana-view

Елорданың мыңнан астам тұрғыны үйден шықпай-ақ жұмыс тапқан

2020 жылғы 05 Маусым
- Астана қаласы
5307 просмотров

Пандемия кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында 1 мыңнан астам адам «Атамекен» қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапты

Бұл туралы халықтың жұмыспен қамту мәселелеріне арналған телемарафон барысында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрлан Қаиршин мәлімдеді.

 Тікелей эфир барысында спикер тұрақты негізде Нұр-Сұлтан қаласында Жұмыспен қамту орталығымен жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын анықтау мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

 «Біздің мобильді орталықтарымыз осы бағытта көмекші. Жыл басынан орталықтарға 30 мыңнан астам азамат өтінім жасады. ТЖ режиім кезінде менеджерлеріміз онлайн жұмыс істей отырып, 1000-нан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыды», – деді Нұрлан Қаиршин.

 Ол елордада қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану салалары айтарлықтай зардап шеккенін айтты.

 Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мобильді орталықтар елордада секілді Шымкент, Алматы және Жамбыл облысының Қордай ауданында ТЖ кезеңінде қашықтықтан жұмыс істеп, адамдарға қиын кезеңде жұмыс табуға көмектескенін атап өтті.

 Айта кетелік, жұмыспен қамтудың мобильді орталықтарын жұмыспен қамтуды мониторингілеу жөніндегі ахуалдық орталықтың бір бөлігі ету жоспарланған. «Атамекен» жаңа құрылымды құрмай, мемлекет және Ұлттық палатада бар құралдарды қолдануды ұсынады.

 «Біз осы ахуалдық орталықты жаңа құрылым ретінде емес, оны іске асыруда қолдағы әлеуетті қолдануды ұсынамыз. Еңбек министрлігінде еншілес ұйымдары бар, «Атамекенде» өз ресурстары бар, жергілікті атқарушы органдарда өздерінің әлеуеті бар. Жұмысты дұрыс ұйымдастырып, жұмыс орындарын құру мәселесін бақылауда ұстаған жөн», – деді Олжас Ордабаев.

Еске салсақ, 4 маусымда ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында «Атамекен» жұмыспен қамтуды мониторингілеу жөніндегі ахуалдық орталық құруды ұсынды, бұл орталыққа өңірлердегі жұмыссыздық деңгейі, сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламалары және нарықтағы нақты жұмыс орындары туралы барлық ақпарат жиналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер