astana-view

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында Сovid-19 жұқтырған штаттан тыс қызметкер анықталды

2020 жылғы 08 Маусым
- Алматы қаласы
3671 просмотров

Бұл бүгінгі таңда іс-тәжірибеден өткен қызметкерден анықталған жалғыз оқиға. Басқада аурушаңдықтың өршуі тіркелген жоқ

Тәжірибеден өтуші бұл қызметкер Ұлттық сараптама орталығына өз бетінше жүгінген, тапсырылған талдаулардан кейін тест оң нәтижесін көрсетті. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен алгоритмге сәйкес, Кәсіпкерлер палатасы бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің аудандық филиалына хабарлады.

Кеңсе келушілер үшін жабық. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының барлық қызметкерлері коронавирусқа ПЦР тексеруден өтеді. Кеңсенің жұмыс кеңістігіне толық санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Тестілеу нәтижелерін алғанға дейін Кәсіпкерлер палатасының барлық қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Одан әрі шаралар тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен алгоритмге сәйкес қабылданатын болады.

«Біз бизнес-қоғамдастықты сақтық шараларын, сондай-ақ барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз», - деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер