astana-view

Мемлекеттік кәсіпорынның негізсіз талабы фирма қызметіне кедергі келтірді

2020 жылғы 11 Маусым
- Павлодар облысы
5322 просмотров

Мемлекеттік сатып алулар байқауын жеңу – жарты шаруа. Ең қызығы кейін, тауарлы жеткізген соң басталуы мүмкін. Мұндай ситуациямен «Фирма Павлодар-реактив» ЖШС жақсы таныс, кәсіпорын тапсырыс берушінің негізсіз талабына тап болған.

2020 жылдың наурыз айында бағалық ұсынымдарды сұрату әдісімен өткен мемлекеттік сатып алулардың байқауы нәтижесі бойынша «Фирма Павлодар-реактив» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Оған сәйкес серіктестік 30 күнтізбелік күн ішінде «Қазгидромент» республикалық мемлекеттік мекемесіне химиялық реактивтер мен сынапты жеткізуі керек болды. Бұл тапсырыс белгіленген мерзімде орындалды да.

Тапсырыс беруші тауарды қабылдап алды. Алайда, мемлекеттік мекеме бұған қарамастан, кәсіпкер өз міндетін дұрыс орындамағаны бойынша факті бар деген шешімге келген. Сондықтан мемлекеттік мекеме фирма атына мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп сотқа берді.

Бұл жайт «Фирма Павлодар-реактив» ЖШС-ның мемлекеттік сатып алуларға қатысып жатқандағы жағымсыз ситуацияның алғашқысы емес, сондықтан кәсіпкер көмек алу үшін «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Біз кәсіпкердің мүддесін сотта қорғадық. Талап арыздарды қарау кезінде сот әділдік пен саналылық тұрғысынан тапсырыс берушіге жасалған теріс салдарды назарға алады. Аталған жағдайда кәсіпкер жазбаша дәйектер көрсетті, тауар уақытында жеткізілді, нақты қабылданып қойды әрі тапсырыс берушіде жатыр. Ал сертификаттарды беру туралы талаптар негізсіз әрі орындалмайды, өйткені аталған тауар түрі міндетті сертификаттауға жатпайды», – деп түсіндірді ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Мүбәрак Жақыпов.

 Сот отырысы барысында мемлекеттік мекемеге келтірілген теріс салдардың жоғы айтылды, тауар уақытында, қажетті сапада жеткізілген. Ал сертификаттың болмауы тауар сапасына әсер етпейді, аталған жайт күрделі бұзушылық емес әрі кәсіпорын қызметіне кедергі келтіре алмайды. Осы жайттарды ескере отырып, сот «Фирма Павлодар-реактив» ЖШС-ны жұмысын адал жүргізбейтін жеткізуші ретінде танудан бас тартты. Кәсіпкер құқығы толық көлемде қорғалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер