«Атамекенге» денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңнамаға жаңа тузетулер келіп түсті
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарауына «Қазақстан Рсепубликасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы келіп түсті
Түзетулер Бюджет кодексі, Қылмыстық кодекс, Салық кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР кодексі, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңын қамтыды.
Заң жобасы дағдарысты жағдай кезеңінде жұқпалы ауруы бар науқаспен, немесе жұқпалы ауру белгілері бар адаммен байланыста болған, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға диагностикалық қызмет алу бөлігінде азаматтар мен шетел азаматтарын оқшалау мақсатында ауруханаға жатқызу үшін оларға берілетін кепілдірілген медициналық көмек тізімін кеңейтуге бағытталған.
Заң жобасы аясында келесі бағыттар бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге түзетулер қабылдау жоспарланған:
- азаматтарға кепілдендірілген медициналық көмек көлемі тізімін кеңейту мәселелері бойынша («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне толықтырулар енгізу);
-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша, атап айтқанда жарналар мен аударымдарды төлеуге қарамастан барлық адамдар үшін 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін, және 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС-ға аударымдар және жарналар бойынша жеңілдіктер берілген жұмыс берушілерге МӘМС медициналық көмекті алу құқығын ұзарту.
«Денсаулық сақтау мәселелері бойынша ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы
Түсіндірме жазба
Экономикалық өсіду қалпына келтіру бойынша кешенді жоспарды іске асыруға түзетулердің салыстырмалы кестесі
Пікір қалдыру:
Пікірлер: