astana-view

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне үміткерлерден өтінімдерді қабылдау басталды

2020 жылғы 07 Шілде
- Түркістан облысы
6625 просмотров

7 шілдеден бастап Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен  Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының Өңірлік кеңесі нағыз демократиялық сайлау өткізу үшін өзін-өзі тарату туралы жариялаған болатын.

Алайда Өңірлік кеңестің алдыңғы құрамы жаңа құрам құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастырады. Кеңестің құрамында облысымыздың экономикасының түрлі саласында жұмыс істейтін ірі бизнесмендері құрайтын 32 адамнан тұрған еді.

Қазіргі құрам сайлауға тең жағдайда қатыса алады.

2019 жылғы қазанда өткен «Атамекен» ҰКП-нің VI жыл сайынғы сьезінде Өңірлік кеңес мүшелерін сайлауды қалыптастыру мен өткізудің құқықтық негізі бекітілген болатын. Осылайша, бизнес-қауымдастыққа өз мүшелерін дауыс беру арқылы сайлауға мүмкіндік берілді.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. 

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Айта кетейік, Өңірлік кеңес мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы диалог алаңы болып табылады. Тұрақты кеңес мүшелері бизнестің проблемалық мәселелерін шешуге қатысып, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал етіп, нормативтік-құқықтық актілерді жасауға және т.б. қатысады.

Егер сіз белсенді азаматтық ұстанымы бар кәсіпкер болсаңыз, өз салаңыздың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен кедергілер туралы білсеңіз және бизнес ортаны қалай жақсарту туралы идеяңыз бар болса, өтінішіңізді мына сілтеме арқылы жібере аласыз: https://vote.atameken.kz немесе a.ibadullayev@atameken.kz поштасына жіберулеріңізге болады.

Барлық сұрақтар бойынша Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 777 918 89 51, 8 775 296 90 59.

Сайлаудың барлық кезеңдері туралы ақпараттарды әлеуметтік желілердегі және жедел хабарламалардағы парақшаларымыздан қарауға болады:

Facebook: Бизнес в Туркестане и Туркестанской области

Instagram: @palataturkestan

Телеграм: t.me/msbturkestan

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер