astana-view

Тау-кен металлургия индустриясына арналған ақпараттық-талдамалық ресурс іске қосылды

2020 жылғы 17 Шілде
3516 просмотров

 Портал Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешені туралы өзекті ақпаратты қамтиды

 agmpnews.kz ресурсы саланың негізгі проблемалары, оларды шешу жолдарын іздеу, елдің заңнамалық және реттеуші саясатындағы инновациялар туралы ақпараттандырады, сала мамандары, тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдері, уәкілетті мемлекеттік органдармен байланыс орнатуға, озық тәжірибелер мен технологиялармен алмасуға, саланың даму тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді.

Ресурста  Қазақстанның тау-кен металлургиясы көрсеткіштері туралы ақпарат – компаниялардың акцияларына котировкалар, металдар құны, соңғы ғылыми жетістіктер мен заманауи технологиялар туралы материалдар, университеттер мен колледждер, кеншілер мен металлургтерді даярлау туралы толық ақпарат үнемі жаңартылып тұрады. Жаңа agmpnews.kz сайтында сала кәсіпорындары, олардың жылдық есептері, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты табуға болады.

 Материалдар қауымдастықтың мобильді қосымшасы және әлеуметтік желідегі парақшаларында қолжетімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер