astana-view

«Жақсылық жаршысы»: эстафетаны Қостанай облысы Іскер әйелдер кеңесі қабылдады

2020 жылғы 20 Шілде
- Қостанай облысы
7273 просмотров

Қостанайлық бизнес ханымдар қайырымды істерді нон-стоп режимінде атқаруда. Әр күн сайын Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері азық-түлік, гигиена заттары, жеке қорғаныш құралдарын жинап, ауруханалар мен мұқтаж жандарға таратады.

 «Қазіргі кезде еліміз қиын кезеңді өткеріп жатыр, сол себепті біз барыншы бірігіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуіміз керек. Сондықтан ауруханалардың қызметкерлерімен үнемі байланыста болып, олардың қажеттілігіне жедел әрекет етуге тырысып жатырмыз.  Мәселен, өткен аптада облыстық ауруханаға 10 қорап сабын, кір жуу ұнтағы, қағаз сүлгілер мен азық-түлік жеткіздік. Бейсенбі күні қала ауруханасына көрпе-жастық, төсек тыстары, сабын, кір жуу ұнтағын және басқа да заттарды әкеп бердік», – дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Булатова.

Еске салсақ, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі өткен аптада Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Жақсылық жаршысы» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Оның мақсаты қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге қажетті жабдық жинау.

 «Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер