astana-view

Алматыда #жақсылықжаршысы марафоны

2020 жылғы 22 Шілде
- Алматы қаласы
5176 просмотров

Оңтүстік астананың кәсіпкерлері, қоғам қайраткерлері мен жұлдыздары қайырымдылық марафонына қосылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, #жақсылықжаршысы атты республикалық марафоның ұйымдастыруда, оның мақсаты - коронавирустық инфекциямен күресте қаражат, тауарлар, дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық мекемелер мен мұқтаж азаматтар үшін қажетті құрал-жабдықтарды жинау.

Жиналған қаражат пен азық-түлік пакеттері мұқтаж азаматтарға жіберіледі, сондай-ақ қазақстандық медициналық мекемелерге дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдары түріндегі көмектер көрсетілетін болады.

#Жақсылықжаршысы эстафетасын 22 шілде күні Алматы қаласы қабылдады. Көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері сайт арқылы жиналды www.atamekenim.kz және жергілікті атқарушы органдардың деректері.

Алушыларға гуманитарлық көмек жеткізудің ашықтығын қоғам қайраткерлерінің бастамасымен құрылған Республикалық қоғамдық бақылау тобы қамтамасыз етеді.

Алматыда өткен марафонға белгілі медиа тұлғалары мен спортшылар қатысты: олардың қатарында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров, әншілер Нұрлан Еспанов, Серік Ибрагимов, Бейбіт Күшқалиев, Әсет Қарабалин, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова және танымал вайнер Серік Тілеулесов болады.

Олар бұйымдармен және жеке қорғаныс құралдарымен жиынтықтарды қалыптастыруға көмектесті, сонымен қатар оларды мұқтаж алматылықтарға жеткізуге қатысты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмектердің жиынтықтары мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

Бүгінгі таңда алматылық кәсіпкерлер марафонды қолдап, ақшалай қаражат, азық – түлік, жеке қорғану құралдарын бөлді, олардың барлығы азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 200 қорапша жиынтық құрады.

Акцияға келесі компаниялар қатысты: Datex Engineering ЖШС, Ұлан Қасымбек, Учет.кз есеп компаниясы, Easy media group ЖК, «Алматинский продукт» ЖШС, "БИЖАН ет өңдеу зауыты" ЖШС, “Kagazy Recycling” ЖШС, "Рахат" АҚ, «Sophia Linsky» ӨК, "Гришкин Евгений Анатольевич" ЖК, "Агрохимия" ЖШС, «Ажибаев» ЖК, "Тигрохауд" базары,  DELUXE Printer ЖШС, "Baspakhana" ЖК, "Ak Berkut" ЖШС, "Компания Балхан" ЖШС, «Аврора Брендс» ЖШС, “АЗТМ” АО, KazBeeProduct, «ТабысService» ЖШС, “Flexy pharm” ЖШС, Пупченко Наталья, Kusto Group компаниясы, #KustoHelp қайырымдылық қоры, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы және басқа да кәсіпкерлер, олардың көпшілігі өздерінің аты-жөні мен компания атауын көрсетпеген.

#Жақсылықжаршысы #ВирусДобра #НППАтамекен #МеніңАтамекенім

_________________________________________________________________

Анықтама:

Жобаға қосылуға тілек білдірген кәсіпкерлердің барлық қосымша сұрақтар бойынша "Менің Атамекен" қоғамдық бірлестігіне (жоба менеджері Әсел Мағжан +77021500719) хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қаражат жинау үшін шот "Менің Атамекен" қоғамдық бірлестігімен ашылды»:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер