astana-view

Шығыс Қазақстан облысында Алакөл шипажай аймағын жабуға қатысты жағдай туралы

2020 жылғы 23 Шілде
5446 просмотров

 ШҚО Үржар ауданы бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен (22.07) 2020 жылдың 23 шілдесінен бастап Алакөл көлі жағалауы аумағына демалысқа келген адамдарды қабылдауға тыйым салынды.

Алдын ала айтылмаған тыйым салдарынан туристік сала субъектілері мен туристердің өздері зардап шекті, өйткені көбі демалыс орындарына жол үстінде келе жатыр. Ал демалыс аумағына шығып үлгермеген, бірақ орынды брондаған туристер ақшаларын қайтара алмауы мүмкін, өйткені авиа және теміржол билеттерінің құны қайтарылмайды.

 Пандемия кезіндегі санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін демалыс орындары қажетті құрал-жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (антисептиктер, маскалар, УФО құрылғылары және т.б.) сатып алуға көп қаражат жұмсады.

Туроператорлар қайтадан туристерге қомақты ақшаны іс жүзінде өз қалтасынан қайтару қажет болатын жағдайға қайтадан тап болды, өйткені демалушылар демалыс орындарын брондау ақысы төленіп, билеттер сатып алынды.

 Мұндай тосын жайттар онсыз да қиын кезеңде әлеуметтік ахуалды қиындатады.

 Осындай ситуацияларды алдын алу үшін ҰКП Ақмола облысының тәжірибесін қарастыруды ұсынады, мұнда демалыс орындарына брондау жасаған туристерге қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып, арнайы өткізу режимі ұйымдастырылған, ал басқа келушілерді кіргізуге тыйым салынған.

 Бұдан бөлек, облыстық және аудандық санитарлық дәрігердердің шектеу сипатындағы қаулылары күшіне енгенге дейін кәсіпкерлер мен тұтынушыларға 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлануы керек деп санаймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер