astana-view

Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту

2020 жылғы 02 Тамыз
4569 просмотров

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Төралқасы, басқармасы және ұжымы 70 жасқа қараған шағында кенеттен дүниеден өткен Жақсылық Әміралыұлы Үшкемпіровтің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Бұл барлық қазақстандықтар үшін орны толмас қайғы.

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының тұңғыш чемпионы (1980 ж.), әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, "Барыс", "Құрмет", "Парасат" ордендерінің және кеңес кезеңі мен Тәуелсіздік кезеңіндегі бірқатар басқа да наградалардың иегері Жақсылық Әміралыұлы біздің жадымызда керемет ерліктің, табандылықтың және күш-жігердің үлгісі ретінде мәңгі қалады. 

Үлгілі спорттық мансабының соңында Ж.Ә.Үшкемпіров өзін Халыққа қызмет етуге арнады: спортшылардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп, өзінің қоғамдық қызметімен танымал болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында атақты спортшы шаруа қожалығын құрды: бүгінде 25 жылдық тарихы бар "Жақсылық" ШҚ Алматы облысының ауыл шаруашылығы мен экономикасының дамуына өз үлесін қосуда.  

Жақсылық Әміралыұлы меценат, облыстық мәслихаттың ең белсенді депутаттарының бірі ретінде әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымның дамуына (жатақхана, балабақша құрылысы) зор үлес қосты, шалғайдағы Мыңбаев ауылында оның бастамасымен және қаржылай қолдауымен 200 адамға арналған балалар спорт мектебі салынды.

Жақсылық Әміралыұлының өмір жолы отансүйгіштіктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі болып табылады. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шеберлік сыныптарын қоса алғанда, жастарды қолдауға арналған түрлі әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуы ("Бастау" жобасы) осының айқын айғағы.

"Атамекен" ҰКП ұжымы біртуар спортшы, нағыз азамат пен патриотты жоғалту қайғысын бөліседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер