astana-view

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелігіне сайлау аяқталды

2020 жылғы 27 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4249 просмотров

2020 жылдың 26 тамызында Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің сайлау қорытындысын шығарды. Өңірлік кеңес– кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы. Сайлау кампаниясының қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысында барлығы 13 мың 184 кәсіпкер дауыс берді. Атап айтар болсақ, Ақтау қаласы бойынша 8772 дауыс, Мұнайлы ауданында 1752 , Жаңаөзен қаласында 1393 , Маңғыстау ауданында 466 дауыс , Қарақия ауданында 410, Бейнеу ауданы 391 белсенді дауыс берді.

Жалпы республика бойынша 1141 кәсіпкер және қауымдастықтардың өкілдері қатысқан іріктеу кампаниясы шілде айында басталды.

Ал, Маңғыстауда кандидаттардан өтініш қабылдау 12 тамызда басталған еді.

12 мен 16 тамыз аралығында кандидаттардан өтініш қабылданып, ары қарай 17-20 тамыз аралығында үгіт-насихат жұмыстары жүрді. Ал, дауыс беру онлайн режимде 22-26 тамыз аралығында vote.atameken.kz сайты арқылы өтті.

Өңірлік кеңеске облыстағы маңдайалды 20 кәсіпкер мүше бола алады. Оған барлығы 50 кәсіпкер үміткер болды.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасының дамуына 6 жыл бойы үлес қосқан кеңес мүшелері өздерін таратып, сайлау өткізуге жол ашты. Бір орынға екеуден артық үміткер ниет білдірді. Бұл байқау ұйымымыздың ашықтығы мен кәсіпкерлердің дайындығын көрсетеді. Басқару органдарының жаңарған құрамы өңірлік палаталарының дамуына жаңа серпін береді Кандидаттардың арасында тәжірибесі толысқан кәсіпкерлер де, креативті ойлай алатын, жаңашыл жас іскерлер де бар», – деді МО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

Жалпы республика бойынша 1141 кәсіпкер және қауымдастықтардың өкілдері қатысқан іріктеу кампаниясы шілде айында басталды еді.

 Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, сонымен қатар 12 облыстағы өңірлік кеңестер құрамындағы 436 орынға барлығы 1028 кандидат қатысты. Әр өңірге бақылаушы органдарға мүшелер саны бойынша квота кәсіпкерлік субъектілердің санына қарай 20-дан 35-ға адамға дейін құрады.

 Кандидаттар ретінде өңірде тіркелген кәсіпкерлер, өзін-өзі реттейтін ұйымдар және ӨКП-да аккредиттелген қауымдастықтардың жетекшілері мен атқарушы органдарының мүшелері тіркеле алды. Кандидаттар ретінде өз өңірінде белсенді, қоғамда беделі бар кәсіпкерлер, қауымдастықтардың жетекшілері тіркелді. Үміткерлер арасында ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, қызмет көрсетудің басқа да салалары, көтерме және бөлшек сауда саласының өкілдері басым болды.

Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды.

Дауыс беруге 130 мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Шымкент қаласы (17,6 мың дауыс), Нұр-Сұлтан қаласы (16,1 мың дауыс), Ақтөбе облысы (11,6 мың дауыс), Қарағанды облысы (11,2 мың дауыс) дауыс беру науқанына анағұрлым белсенді қатысты.

Бизнес субъектілердің тең қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік кеңестер құрамының 60 пайызы облыс орталығындағы бизнес өкілдерінен, ал 40 пайызы – аудандар, моноқалалар мен шағын қалалардағы кәсіпкрелерден құралды.

Пандемияның таралуы мен карантинге байланысты шектеулер шеңберінде барлық үгіт-насихат іс-шаралары онлайн режимінде немесе БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер – дауыс беруге қатысушылармен бейнебайланыс арқылы кездесулер, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізілді, сондай-ақ үгіт-насихат және бағдарламалық материалдар телевизия, баспа басылымдар және Facebook, Instagram желілері арқылы жарияланды.

Ішкі қағидаларға сәйкес өңірлік кеңестер жаңа құрамының тізімі «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының қаралымына жіберілді. Өңірлік кеңестердің жаңа құрамы басқа облыстарда 3 қыркүйекте жарияланады деп күтілуде. Ал, Маңғыстау облысында өңірлік кеңестерге сайлау қайта жүргізілгендіктен, аталған өңірдегі басқару органының құрамы қыркүйек айының соңында қалыптасады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер