astana-view

Түркістан облысы: Қайнар Абасов Өңірлік кеңестің төрағасы болып қайта сайланды

2020 жылғы 03 Қыркүйек
- Түркістан облысы
10881 просмотров

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа құрамдағы Өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков Өңірлік кеңестің құзыреті мен өкілеттіктері және Өңірлік кеңес төрағасын сайлау тәртібі туралы айтып берді.

"Өңірлік кеңес мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы диалог алаңы болып табылады. Оның мүшелері бизнестің проблемалық мәселелерін шешуге, кәсіпкерлікті дамытуға, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Өңірлік кеңестің бұрынғы құрамы Түркістан облысы құрылғалы жұмыс жасап келді және облыс экономикасының игілігі үшін үйлесімді жұмыс көрсетті. Оның құрамына бүкіл облыс кәсіпкерлерінің мүдделерін қорғаған тәжірибелі бизнесмендер кірді. Жергілікті бизнестің жүйелік мәселелерін шешуде сіздерді одан да белсенді болады деп үміттенеміз. Біз ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайынбыз»,-деді ол.

 

Кеңес отырысы барысында Өңірлік кеңестің төрағасы сайланды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен «RoadText LTD» ЖШС Бас директоры Қайнар Багалыұлы Абасов төраға болып қайта сайланды.

Өз кезегінде, Өңірлік кеңес төрағасы әріптестеріне көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, өзекті мәселелерді шешу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін барлық күш-жігер, тәжірибе мен білімін жұмсайтындығын жеткізді.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бағыттарын айқындады.

Айта кетейік, Өңірлік кеңес жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Оның мүшелері жергілікті бизнес проблемаларынан хабардар болуға, жағдайды жақсартуға және туындаған мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп, Кеңес жұмысына жеткілікті уақыт бөліп, белсенді болулары қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер