astana-view

Берекелі сүтті бизнес

2020 жылғы 04 Қыркүйек
- Қостанай облысы
9516 просмотров

Қостанай облысы Айсары ауылының тұрғыны Наталья Назарованың күні жақын маңдағы 5 ауылға барудан басталады

Жаңа сауылған сүтпен бірге ол жақсы эмоцияларды алады – ауылдастар кәсіпкерге тамаша көңіл күй тілеп, соңғы жаңалықтармен бөліседі. Осындай позитив үшін Наталья өз кәсібін жақсы көреді, кәсіпкер әйел «Бастау» жобасына қатысып, мемлекетттен жеңілдікпен несие алды.

 Бизнес-идеяны кәсіпкер іздемеді, кәсіп Натальяны өзі тапты. 2000 жылдарда сүт өндірісінде зертханашы болып жұмыс істеді, ал жолдасы сол өндірісте сүт жүк көлігін жүргізді. Бірнеше жылдан соң әке жолын үлкен ұлы таңдады.

 «Кәсіп отбасы бизнесіне айналды, сондықтан өзімізге жұмыс істеп көреміз деп шештік. Кәсібіміз пайдалы екені қуантады. Ауылда адамдар үй шаруашылығын жүргізеді, сондықтан оларға жаңа сауылған сүтке ақша алып отыру маңызды. Жұмыс қиын емес, тіпті қызық – күнделікті адамдармен тілдесіп, жаңа нәрсені білесің. Сүт өткізушілермен құрылған жеке WhatsApp тобымыз да бар, онда ақпаратпен бөлісеміз», – деді Наталья Назарова.

 Наталья ауылда кәсібін жақсы дөңгелете бастады, көп ұзамай бір ғана сүт тасу машинасы аздық етті. Екінші автоцистернаны сатып алуға Натальяға мемлекет көмектесті. Кәсіпкер «Бастау» жобасымен оқып шықты, содан кейін «Атамекен-Қостанай» МҚҰ» ЖШС арқылы жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алды.

 «Біз 3,700 тонналық сүт тасу көлігін сатып алдық. Бұл жақсы демеу. Мемлекет қарапайым шаруаларды қолдай түссе екен деп тілейміз. Ауданымыз бойынша сүттің сатып алу құны – 110 теңге. Көп сияқты, негізінде олай емес. Жем-шөп өте қымбат. Кебектің бір қабы – 1200 теңге... Бағалар ұдай, шығындар көп. Шаруаларға жаның ашиды, ал субсидиялар болса үлкен шаруашылықтарға ғана беріледі», – дейді Наталья.

Жуырда Назаровтар отбасында кенже ұл да бизнеске қосылды, ол әкесі мен ағасына қолғанат. Мақсат – басқа да ауылдарды қамту.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер