Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Жер қатынастары саласын цифрландыру мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер

04 Қыркүйек 2020
749 просмотров

Қабылданған жағдайда бұл  түзетулер 2023 жылы күшіне енеді

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы келіп түсті.

Заң жобасы «Атамекен» ҚР ҰКП-ға келіп түскен  бастапқы нұсқасынан кейін айтарлықтай өзгертіліп, қысқартылған.

 Осыған дейін Заң жобасының Тұжырымдамасында (atameken.kz/ru-ға жарияланған) ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік акті, жер орналастыру жобасы, таңдау актісі сияқты қағаз тасымалдауыштарын қоспағанда жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруды көздеген.

 Қызметтерді облыс және ресупбликалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің геоақпараттық порталдар арқылы іске асыру ұсынылды.

 Осы ретте жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кезектер туындау ықтималдығы жоғары болды, оған заң жобасы нормаларын іске асыруға негіз болатын қажетті инфрақұрылымның болмауы, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың аталған геопарталдары, елді мекендердің де, ауылшаруашылық жерлерінің де цифрлық карталары, ұлттық (құпия емес) координаттар жүйесі, инженерлік желілердегі сандық мәліметтер және т.б ақпараттың болмауы басты себеп. Бұл олқылықтар жайында ҰКП өзінің сараптамалық қорытындыларында бірнеше рет атаған болатын.

 Бұдан бөлек, жобаны әзірлеуші-орган жер телімдеріне құқықты электронды тәртіпте ғана беру туралы ұсынысы ҰКП-ның алаңдауышылығын туғызды. Өйткені ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернеттің болмауы салдарынан кәсіпкерлерге қаралып жатқан мемлекеттік қызметтер қолжетімді болуы екі талай еді.

 Заң жобасының жаңартылған редакциясы жер телімдерін беру процедураларын автоматтандыруға бағытталған түзетулерді кейінге қалдыру мерзімімен қарастырады, яғни құжат 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 Белгіленген кезеңге дейін жер телімдері қолданыстағы тәртіп бойынша берілетін болады.

 Бұдан бөлек, заң жобасы жер учаскесін (ӨГАЖ, БМЖК және т.б.) электронды ұсынуда қолданылатын жаңа тұжырымдамаларды бекітуге бағытталған жалпы сипаттағы түзетулерді қамтиды, олар да 2023 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.


Серіктестер