astana-view

Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы онлайн форматта  өтеді

2020 жылғы 10 Қыркүйек
4390 просмотров

Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы және машина жасау мен металл өңдеу бойынша I халықаралық мамандандырылған көрме

Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы (бұдан әрі – Форум) 2020 жылдың 17 қыркүйегінде   онлайн форматта  өтеді.

Форум жұмыс жасаған жылдар ішінде индустриядағы басты салалық шараға және  жетекші қазақстандық, шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор мен даму институттарының, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушыларының диалогтық алаңына айналды.

Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен  Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.

Форум аясында ұйымдастырылып отырған  машина жасау және металл өңдеу бойынша I халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2020» көрмесі де 17-20 қыркүйек аралығында онлайн форматта өтеді. Бұл көрмеде отандық және шетелдік жетекші машина жасаушылардың өнімдері ұсынылады. Көрме https://kmf.astanaexpo.expoplatform.com  онлайн платформасында өтеді.

Сізді Форумға қатысушылар қатарында көруге үміттенеміз. Форум бағдарламасы  https://smkz.kz  сайтында.

Форум бойынша қосымша ақпаратты +7(7172)79-27-95 және info@smkz.kz   эл. мекен-жайы бойынша алу мүмкін.

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша +7(7172) 64 23 23 (ішкі. 211) Төремұратов Нұржанмен хабарласуға болады, эл. мекен-жайы: nt@astana-expo.com

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер