astana-view

Қостанайда «Большевичка» фабрикасы жанынан оқу орталығы ашылды

2020 жылғы 16 Қыркүйек
- Қостанай облысы
8370 просмотров

  «Большевичка» фабрикасы кадр мәселесін шешті. Енді кәсіпорын өзіне қажетті мамандыққа өзі оқытады. Осы мақсатта ЖШС оқу орталығын ашты, онда жастар теориялық біліммен қоса, практикалық дағдыларды игереді

 «Оқу сұранысқа ие мамандықтар: тігінші, модельер-пішуші бойынша жүреді. Сабақты тәжірибесі мол мамандар өткізеді. Бағдарлама еңбек нарығындағы сұранысқа қарай бейімделген әрі білім беру стандарттарға сай келеді. Біз дуальді білім беруді енгіздік, оған сәйкес оқудың 60 пайызы практикаға арналады», – деді «ПК «Большевичка» ЖШС директоры, Қостанай облысы ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі Арсен Жетпісбаев.

 Бұл Қостанай облысындағы кәсіпорындар жанынан ашылған бесінші оқу орталығы. Өңірде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ,  «КОНСАЛТИНГ PLUS» ЖШС, «Байкунирова В. С.» ЖК жанында оқу орталықтары өнімді жұмыс істеуде.

 «Қазақстанда дуальді білім беру «Атамекен» ҰКП бастамасымен 2013 жылдан бастап енгізіле бастады. Кәсіптік білім беру жүйесі дамыған тәлімгерлік институты, практикаға бағдарланған оқыту және бизнестің кадр дайындауға белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Осылайша бүгінде студенттеріміз еуропалық стандарттар бойынша оқу мүмкіндігіне ие. Дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі түлектердің жұмысқа орналасу пайызымен расталады», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Сания Иментаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер