astana-view

«Атамекенде» «Қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы қаралуда

2020 жылғы 23 Қыркүйек
7186 просмотров

Қашықтан жұмысты реттеуге байланысты ҚР Еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын (ары қарай – заң жобасы) назарларыңызға  ұсынамыз

Заң жобасы ҚР Парламенті депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде әзірленді.

 Қазақстан Республикасы аумағында COVID-19 коронавирусының таралуы түрлі ұйымдарда жұмыскерлердің басым бөлігін қашықтан жұмысқа ауыстыру және цифрлық технологияларды қолдану арқылы еңбек қатынастары тараптары арасында өзара қарым-қатынастың дамуымен жұмыс режимінің өзгеруіне әкелді.

 ҚР Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істеу саласында олқылықтарды ескере отырып, келесі шараларды қарастыратын түзетулер енгізу көзделген:

  • уақытша және үйлестірілген қашықтан жұмыс істеуді енгізу;
  • уақытша қашықтан жұмыс істеу режимімен белгілеуге негіздеме;
  • еңбекақы мөлшерін, қызметкерді уақытша қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру кезеңін белгілеу;
  • жұмыс күні режимін белгілеу.

Заң жобасын қабылдау қашықтан жұмыс істеу кезеңінде жұмыс беруші және жұмыскер арасында еңбек қарым-қатынастар процесін құқықтық реттеуді жетілдіруге мүмкіндік береді.

 Заң жобасының мәтіні  қоса берілген.

 Ұсыныстарыңыз болса мына электронды поштаға a.dzhussupova@atameken.kz немесе +7 7778834578 байланыс нөміріне хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер