astana-view

Успен ауданының тұрғыны жем-шөп өндіре бастады

2020 жылғы 29 Қыркүйек
- Павлодар облысы
2483 просмотров

Биыл Успен ауданының 75 тұрғыны «Бастау» жобасына қатысты

«Кәсіп іске қосылды. Енді бастысы оны қажет бағытта ұстап, клиенттік базаны өсіру керек. Клиенттерім – менің барым», – дейді Успен ауданы Равнополь ауылының тұрғыны Татьяна Айтуғанова.

  Келіншек мамандығы бойынша бухгалтер. Идея тауып, «Бастау» жобасына қатысу бойынша шешім қабылдады.

 «Бастау» туралы баяғыдан естідім. Қатысуға енді шешім қабылдадым. Бизнеспен айналысуға жасым келмейді деп ойладым. Оқу барысы оңай болмады. Бәлкім қашықтан оқу әсері болар. Тіпті оқудан бас тарту ойы келді. Күдікті сейілту үшін бизнес-тренер Евгений Уткинге хабарластым. Бірге жобамның өміршеңдігін анықтадық», – деді кәсіпкер.

Кәсіпкер кәсібіне ерекше көңіл аударды, оқуға ерекше ынтамен қатысты.

 Бизнес идеясы қарапайым. Ауылда мал көп. Малды қоректендіру керек.

 «Бизнесім – жем тарту. Мынадай тізбек пайда болды: шаруа дән өсіреді, мен оны малға арналған жемге айналдырамын, оын ауыл тұрғындары сатып алады. Жемге қажеттілік жыл бойы болады. Сатып алушыларсыз қалмаймын», – деді «Бастау» түлегі.

 Оқытуды аяқтағандығы туралы сертификат алған Татьяна Айтуганова грант конкурсына қатысуға өтініш берді.

Бизнес үшін үй-жай мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алу туралы алдын-ала келісіп алдым.

 «Грант алдым. Бәрін ойластырып алдым. Биыл өнім болмаған соң, арпа-бидайдың бағасы күрт өсті. Осылайша бизнесім құрдымға кете жаздады. Осы кезде туыс фермерді есіме түсірдім. Оның көмегіне жүгініп, арпа-бидайды жақсы бағада алдым. Енді бәсекеге қабілетті артықшылық – шикізатқа аз шығын кетеді», – деді кәсіпкер.

 Жарнама ретінде Татьяна Айтуғанова жергілікті чатқа хабарландыру берді. Тауарды сату нүктесінен алуға болады, жеткізу де қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер