astana-view

Жаңа заң жобасы бизнесті дамытуға бағытталған

2020 жылғы 30 Қыркүйек
7242 просмотров

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының жаңа тұжырымдамасы әзірленді (9 пакет).

Жоба ҚР Ұлттық экономика министрлігімен кәсіпкерлік қызмет саласында заңнаманы жетілдіру, бизнес дамуына қолайлы жағдай жасау, Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтінгінде Қазақстанның позицияларының жоғарылауын қамтамасыз ету мақсатында  әзірленді.

 Жоба ұсынатын шаралар:

  • отандық кәсіпкерлер үшін жер телімдеріне қолжетімділік нормаларын қайта қарау;
  • мемлекеттік сатып алулар мәселелерін реттеу бойынша нормалар;
  • үлестік құрылыс мәселелері бойынша түзетулер:
  • тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша түзетулер;
  • жобалау және құрылысқа реттеуді енгізу бойынша түзетулер;
  • бәсекелестікті дамыту бойынша түзетулер:

-мемлекеттік басқару және жобалау саласында, мемлекеттің кәсіпкерлікте қатысуында, АӨК саласында және байланыс қызметі, электр энергиясы саласында.

  •  балық шаруашылығын жүргізу бойынша түзетулер;
  • кәсіпорындарды тіркеу бойынша түзетулер:
  • электронды тіркеу кезінде компания жарлығын екінші деңгейлі банк жүйесіне міндетті жүктеуге қатысты;
  • заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың компаниядағы үлесі туралы ақпаратқа қолжетімділікті ашуға қатысты;
  • жеке кабинетте немесе мобильді телефонның тіркелген нөміріне электронды цифрлық қолтаңбаны алуға қатысты;
  • Компанияға банкроттық туралы істі ашу кәсіпорын мәртебесінің бір бөлігі және аталған мәртебе туралы ашық қолжетімділікті беру ретінде тізілімде көрсетілетін жүйені енгізуге қатысты.
  • құрылысқа рұқсат алу бойынша түзетулер;
  • электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша түзетулер;
  • меншікті тіркеу бойынша түзетулер:

- сот тәртібінен тыс тәуелсіз мүшелермен жер дауларын шешуге қатысты;

-  құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылған авторлық құқық иесі туралы ақпараттың өзгеруін мемлекеттік тіркеу үшін нотариалдық емес жылжымайтын мүлік операцияларының типтік келісімшартын бекітуге қатысты;

  • несие алу бойынша түзетулер:

 -ақпараттық база ретінде кепілдегі жылжымалы мүлік тізілімінің дұрыс функия атқаруын қамтамасыз етуге қатысты;

-кепіл тараптарының келісімінсіз мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін кепілдегі жылжымалы мүлікті іздеуге қатысты;

-жылжымалы мүлікті, сенімгерлік құқықтарды, дебиторлық қарыздарды, меншік құқығын сақтай отырып жалға беру және сату құқықтарын тіркеу кезіндегі құқықтық реттеуге қатысты;

  • келісмшарттарды орындауды қамтамасыз ету бойынша түзетулер.

Тұжырымдаманы толық мәтінін және жобаның өзінде шетелдік тәжірибемен таныса аласыздар.

Жоба бойынша ұсыыстар болса бізге хат жазыңыздар:  

  a.aubakirova@atameken.kz.

ТҰЖЫРЫМДАМА

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер