astana-view

TeMEx халықаралық өнеркәсіптік онлайн-көрмесі

2020 жылғы 01 Қазан
3075 просмотров

14 қазанда  TeMEx халықаралық өнеркәсіптік онлайн-көрмесі өз жұмысын бастайды, онда өнеркәсіпке арналған ірі габаритті машиналар мен шикізат жеткізушілерден бастап ғылыми техникалық әзірлемелер мен өндірістерді автоматтандырудың ІТ-шешімдеріне дейін кең ауқымдағы жаңашылдықтар ұсынылған

Көрме Technology and Machinery Expo, яғни – «Технологиялар және жабдық көрмесі»  деп аталады. Көрменің – «Әр  түйін маңызды!» ұраны әр елдің ұлттық өнеркәсібі жаһандық экономикалық экожүйемен байланысын көрсетуге бағытталған.

 TeMEx халықаралық өнеркәсіптік онлайн-көрмесі Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі, Беларусь ұлттық ғылым академиясы, салалық ведомстволар мен Беларусьтің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Беларусь сауда-өнеркәсіптік палатасының бастауымен өтеді.

 Пандемия кәсіпорындардың көрмелерде тілдесуін тоқтатты, бірақ көптеген елде өндірістік процестер, зерттеулер мен өнімдердің жаңа түрлерін әзірлеу жалғасып жатыр. TeMEx халықаралық өнеркәсіптік онлайн-көрмесі өнеркәсіптік компанияларға өз әріптестеріне жаңа өнімдерді көрсетуге және түрлі елдердегі әріптестерге іскерлік ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Көрме аясында мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қатысуымен онлай-форматта бірқатар іскерлік шаралар өтеді.

 Көрме туралы толық ақпарат мына сілтемеде: https://www.belinterexpo.by

Жауапты маман: «Белинтерэкспо» БелСӨП шетелдік көрмелер бөлімінің бастығы Анна Принеслик, тел.: +375 17 334 82 00, ұялы тел.: +375 44 509 12 06, e-mail: anna@belinterexpo.by


Еншілес ұйымдар

Серіктестер