astana-view

Ақтөбеде бизнес-ханымдар мектеп жанындағы саябақта 200 ағаш отырғызды

2020 жылғы 14 Қазан
- Ақтөбе облысы
6064 просмотров

Көшеттерді отырғызуды "Ағаш отырғызу күні" республикалық акциясы аясында Іскер әйелдердің өңірлік кеңесі ұйымдастырды. Кәсіпкер әйелдерге облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Jysan Bank қызметкерлері қолдау көрсетті.


«AQBOBEK» жаңа халықаралық мектебі ғимаратының алдындағы саябақ аумағында екі жүзге жуық ағаш отырғызылды.Бұл қылқан жапырақты ағаштардың 120 көшеті - шырша мен қарағай, түрлі жеміс ағаштарының 40 көшеті, сондай-ақ теректер. Ақтөбелік кәсіпкер әйелдер ағаштарды өз қаражатына сатып алып, отырғызды. Осылайша, жаңа оқу орнының айналасы көгалдандырылып, ыстық ауа райында қорғаушы көлеңке беретін ондаған ағаштармен толықтырылды.

ІӘК қаланың әртүрлі бөліктерінде осындай науқандарды жыл сайын өткізеді.

"Өздеріңіз білетіндей, экология мәселесі бүгінде үлкен қалаларға көбірек әсер етеді. Біздің мақсатымыз Ақтөбенің "жасыл өкпесін" нығайту, осы іс-шараға мүмкіндігінше көп адамды тарту, қаламызды одан сайын жасылдандыру, шын мәнінде, бұл шара Ақтөбенің нағыз жасыл қалаға айналуы үшін қолымыздан келетіннің бір бөлігі екеннің мақтанышпен айтуға болады ", - деп атап өтті Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова.

Ескеретін жайт, ағаш отырғызудан бөлек Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қала көшелерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша түрлі сенбіліктерге бастамашы болып, өткізеді.

"Бұл ағаштар тамыр тартып, өсе бастағанда, біздің қала одан да жасыл және әдемі болады. Біз экологиямызға, өзіміз тұратын жердің сыртқы келбетіне қамқорлық жасауымыз керек. Егер Біз болмасақ, онда кім?", – деп есептейді кәсіпкер Әйгүл Сақтағанова.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын  "Ағаш отырғызу күні" республикалық экологиялық науқаны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің бастамасымен өткізіледі. Негізгі мақсаты – ел халқын көгалдандыруға барынша тарту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер