astana-view

Отандық көмірдің Украинаға экспорты 3,5 есеге азайды

2020 жылғы 20 Қазан
7442 просмотров

2019 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясы арқылы Украинаға транзитпен көмір тасымалдауға қатысты қазақстандық компаниялар берген тапсырыстардың  52%-ы іске аспады

 Өткен жылдан бері отандық көмір өндіруші компаниялар Ресей Федерациясынан Украинаға транзитпен көмір тасымалдау проблемасына тап болды. «Атамекен» ҚР ҰКП осы мәселемен ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге жүгінді. Аталған мәселе 2019 жылдың күзінде екі жақты тарапта (ҚР-РФ) шұғыл түрде қаралды. Соның нәтижесінде Ресей Федерациясы қазақстандық көмірді айына 140 мың тонна көлемінде тасымалдауды мақұлдау бойынша міндеттемені алды.

 Алайда, ресейлік тараппен Украинаға тасымалдауға қатысты келісімнің болуына қарамастан, РФ мемлекеттік органдары көлемнің бір бөлігін кері қайтарады. Осылайша 2019 жылдың шілдесінде көмірді тасымалдау жүктемесі 377 мың тоннаны құрады, соның небәрі 8 пайызы ғана мақұлданған.

 «Биыл қыркүйектегі жағдайға сәйкес біз күрт төмендеуді байқап отырмыз, небәрі 107 мың тоннаға тапсырыс берілген. Орын алған ситуацияға байланысты контрагенттер ынтымақтастықтан бас тартуда. Былтыр 8 отандық компания тұрақты түрде тапсырыс жіберетін, ал биыл небәрі 4 компания ғана тапсырыс береді. Осы жайт экспорт көлемінің төмендеуіне әкелді, бұл жіберіп алған пайда әрі компаниялар көрсеткіштеріне теріс салдар әкеледі»,– деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары  Евгений Больгерт. 

Анықтама үшін: «Интерфакс-Украина» агенттігінің ақпараты бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамызында Ресейден Украинаға 724 млн АҚШ долларына импортты көмірдің 59%-ын экспорттады. АҚШ-тың үлесіне 31% немесе 380 млн тиесілі болған, үшінші орында Қазақстан, оның үлесінде  – 77 млн АҚШ доллары.  

 Биіл қазақстандық компаниялардың бірі 5,5 млн АҚШ долларын алды. Өткізу көлемінің төмендеуі биыл көмір өндіру және өңдеу көлемін төмендетуге, сондай-ақ шығындарды оңтайландыруға мәжбүрлетті. Компания 400-ге дейін қызметкерін қысқартты, қалғандардың еңбекақысы 30 пайызға қысқарды.

 «Украина үкіметі мамыр айынан бастап ресейлік көмір импортына 65%-ға арнайы салықтарды енгізгендіктен, «РЖД» АҚ-тың «техникалық мүмкіндігінің жоқтығына» байланысты Ресей Федерациясы қазақстандық тауарларды украин нарығынан ығыстырып жатқанын байқаймыз. Бұл қазақстандық бизнестің мүддесін тікелей тежеу. Бұл туралы «Атамекен» үкімет алдында, Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде бірнеше рет көтеріп келеді. Мәселенің шешілуі үшін біз Еуразиялық экономикалық комиссияны қатыстырдық, ол ресейлік тараптың әрекеті ішкі нарықтың жұмысында тежеу белгілері бар кедергі ретінде қарастырылуы керек деген қорытынды жасады. Қазан айында ЕЭК және ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттермен консультациялар жүргізуде қазақстандық көмір өндіруші компаниялар да өзекті мәселені растады. Тараптар Қазақстанды осы мәселеде қолдап отыр», – деді Ұлттық палата өкілі.  

 Мәселе Комиссия Алқасы отырысында  2020 жылдың 27 қазанында қаралады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер