astana-view

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үй Өңірлік палатаның араласуынан кейін пайдалануға берілді

2020 жылғы 22 Қазан
- Ақмола облысы
46434 просмотров

Көкшетауда жаңа көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  Бұл мәселе Өңірлік кәсіпкерлер палатасының белсенді араласуынан кейін ғана шешімін тапқан

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында «ОТАУ-Құрылыс» ЖШС көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, нысанды пайдалануға қабылдау актісін тиісті органдарға жіберді. Алайда облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан нысанды пайдалануға қабылдау актісі мен оған қосымшалар заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні жайында жауап келді. Мемлекеттік орган көрсетілген актіге сәйкес пайдалануға екі тұрғын блогы ғана қабылданып жатқанын, ал іс жүзінде төрт тұрғын блогы барын айтқан.

 Осы ретте 2018 жылы Көкшетау қаласының бұрынғы сәулетшісі құрылыс салушы компанияға тұрғын үйді пайдалануға беру екі кезеңмен жүргізілетінін, бірінші кезекте екі блок, екінші кезеңде екі блок берілетінін, сондан кейін заңды мекенжай беру жүргізілетінін хабарлады.

 Заңға сілтеме жасаған Сәулет-құрылыс басқармасының қызметкерлері  тапсырыс берушінің тиісті стандарттар мен талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жүргізе бастады, келесі күні кәсіпкерге орын алған-мыс бұзушылықтарды жою бойынша бірқатар талаптар жіберді.

 Сәулет-құрылыс басқармасы қызметкерлерінің әрекеті ӨКП сарапшыларын таңдандырды: осыан дейін бақылаушы орган қайда болған?

 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 75-бабына сәйкес қабылдау актісіне қол қойылған күн – оны мақұлдаған және объектіні пайдалануға берген күн болып саналады. Үй уақтылы пайдалануға берілді, осы уақыт ішінде бақылаушы орган тарапынан ескертулер болған жоқ. Актіге барлық тараптар: авторлық және техникалық қадағалау, тапсырыс беруші, сондай-ақ құрылыстың бас мердігері қол қойды. Басқарма комиссия мүшелігінде жоқ. Бұл органның құзыреті мен өкілеттілігі құрылыс аяқталғаннан кейін емес, объектіні пайдалануға берген кезде емес, құрылыс кезінде іске асуы керек», – деді Расул Сыздықов.  

 Бекітілген эскизді жобаға сәйкес үй жекелеген төрт блоктан тұрады, демек оны пайдалануға беруде қандай да бір шектеулер жоқ. Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес, Нұр Отан партиясы, облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия алаңдарында қызу талқыланды.

  «Сәулет-құрылыс басқармасы үйді пайдалануға беруде кедергі жасады деп санаймыз. Бұл жайт әлеуметтік шиеленіс тудырды, өйткені әлеуетті пәтер алушылар өз баспанасына қол жеткізе алмады. Бұдан бөлек, кәсіпкер өз бизнесіне қосыша ауыртпалық алды, шығынданды», – деді Расул Сыздықов.

Өңірлік палата сарапшылары «Protecting Business and Investments» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті тарту туралы шешім қабылдағанда, мәселе шешіле бастады. Осы алаңда талқылаудан кейін нысан ақырында пайдалануға берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер